Қытай мен Қазақстан арасын жалғайтын Қарамай-Аягөз теміржол құрылысы аяқталуға жақын. ШҚО Аягөз қаласына Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономды районы Тарбағатай аймақтық округі партия комитетінің бірінші хатшысы Жаң Бо бастаған делегация келіп қайтты деп хабарлайды ШҚО, Аягөз адындық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аудандық әкімдік ғимаратында өткен екіжақты кездесуде бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Аудан әкімі Нұрбол Нұрғалиев мәртебелі меймандарды өңірдің әлеуметтікэкономикалық жағдайымен таныстырып, екі аймақ арасындағы қарым-қатынастың неғұрлым тиімді тұстарына тоқталды. Кездесуде Қазақстан мен Қытай елдері арасында жанданып келетін сауда-экономикалық, мәдени байланыстардың өміршеңдігіне баса назар аударылды. Екі елді жалғайтын Қарамай-Аягөз теміржолы тек Қазақстан мен Қытайға ғана емес, сондай-ақ, Ресей, оңтүстік-шығыс Азия және Еуропа елдері үшін аса маңызды болатыны айтылды.
Айта кетерлік жайт, Қытай елі аталмыш теміржол құрылысын әлдеқашан бастап кетіпті. Қарамай қаласынан бастау алатын теміржолдың құрылысы қазір Қазақстанның шығыс қақпасына таяп қалған көрінеді дейді.
Baq.kz




