Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 35%-ы Қазақстанның ТМД-ға мүше елдермен ынтымақтастыңының басым бағыты экономика саласы деп есептейді. Ал, ынтымақтастықтың басым бағыты сауда болуы да мүмкін деп ойлайтын респонденттер 12%. Төрттен бір бөлігінің пікірінше (25%), Қазақстан мен ТМД-ға мүше елдер арасында саяси ынтымақтастық бірінші кезекке қойылған. Ал, 11%-ы ынтымақтастықтың басым бағыты мәдениет пен білім саласы деп жауап берді.
Ал, сұрақтарға жауап берген қазақстандықтардың 43%-ы Қазақстанның Қытаймен ынтымақтастығының маңызды әрі басым бағыты сауда байланысы деп ойлайды. Оны ресми мемлекетаралық стратегиямен байланыстырады. Яғни, 2015 жылға қарай Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара сауда айналымын 40 млрд. АҚШ долларына дейін арттыру жоспарланған. Респонденттердің 28%-ы Қытаймен байланыстың тиімді жағы жалпы экономика саласы деп есептейді. Ал, Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың басым бағытын анықтауда: 12%-ы саяси байланыс, 7%-ы білім саласы, 4%-ы туризм және 3%-ы мәдениет деген жауаптарды таңдады. Ал, сауалнмаға қатысқан отандастарымыздың 3%-ы ҚХР-мен байланыстың ешқандай перспективасы жоқ дейді.
Респонденттердің 32%-ы Қазақстан үшін Еуропалық Одаққа мүше елдермен (ЕО) ынтымақтастықтың ең маңызды тұсы экономика дейді. Ал, олардың пікірінше, екінші орында – саясат (24%), үшінші орында – білім саласы (13%) тұр. Туризмді басым бағытқа жатқызатын респонденттер 12%. Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың қыркүйек айында Астанада Еуропалық Одақ және Қазақстан арасында Әріптестік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңейтілген келісім бойынша келіссөздердің сегізінше отырысы өткен болатын.
Еуроодақ Қазақстан үшін негізгі сауда серіктесі және ең ірі шетелдік инвестор болып табылады. 2013 жылы ҚР мен ЕО арасында сауда айналымы 53,4 млрд. АҚШ долларына жетті. Ал, 2014 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстан Республикасы мен Еуроодақ арасында ішкі сауда көлемі 28,4 млрд. АҚШ долларын құрады. Ол еліміздің ішкі сауда айналымының 54,7%-а тең. (http://www.zakon.kz/4652930-zavershilsja-8-raund-peregovorov-po.html).
9 қазан күні Қазақстан мен Еуроодақ арасында жаңа келісім төңірегіндегі келіссөздер аяқталды. Нәтижесінде, кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы және Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөнінде келіссөздер аяқталғаны туралы құжаттар қабылданды. Қазақстан ЕО-мен осындай келісім жасасқан Орталық Азиядағы бірінші мемлекет. (http://tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazahstan-reshil-s-evrosoyuzom-voprosyi-po-vstupleniyu-v-vto-263141/).
Сауалнамаға қатысушылардың үштен бір бөлігі (31%) Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың басым бағытын саясат деп есептейді. Ал, 20%-ы үшін Қазақстан мен АҚШ арасындағы байланыстың ешқандай тиімді жақтары жоқ. 16%-ы байланыстың басым бағыты білім саласына берілген, 14%-ы экономикалық ынтымақтастықты басым бағыт деп есептейді.
Жоба туралы:
DEMOSCOPE классикалық мағынада әлеуметтік институттар қатарына жатпайды және әлеуметтік портреттер мен күрделі коннатациялардың интерпретацияларына талапкер емес. Жобаның мақсаты — қоғамның белгілі бір немесе өзге де сұрақтарға көзқарасын, пікірін экспресс-режимде анықтау.
DEMOSCOPE Қазақстандағы актуальді тақырыптарға оперативті түрде азаматтардың пікірн анықтайды және үнемі телефон, ғаламтор арқылы (Қазақстан Республикасының халық көп деп есептелетін пунктілерді қамтиды) амплитудасы 7-15 күн аралығында сұралатын сауалнама түрінде жүргізіледі.
Сауалнама тақырыптары БАҚ пен әлеуметтік желілеріндегі мониторинг негізінен құралады. demos.kzсайтында барлық қолданушыларға сауал тақырыптарын ұсынуға мүмкіндік бар.
DEMOSCOPE пікірлерді білу құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар азаматтардың басты сауалдар мен маңызды проблемалар жөнінде өз ойын айтуға ең оңай, пайдалы құрал ретінде ұйымдастырылған.
Сауалдар нәтижесі қорытынды релиз және инфографика ретінде demos.kz сайтында жарияланып, сонымен қатар БАҚ редакцияларына сауалнама жүргізіліп болғаннан кейін 1-2 күнде жіберіледі. Жоба Конрад Аденауэр атындағы қордың демеушілігімен жүзеге асырылды.
Сауалнама қорытындысы Конрад Аденауэр атындағы қордың және «MediaNet» халықаралық журналистика орталығының жеке пікірін білдірмейді. Сауалнамаға қатысқан барлық Қазақстан азаматтарының көзқарасын жариялайды.
demos.kz


