Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалсын, ол Астана қаласының әкімі қызметінен босатылды.
Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков Астана қаласының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылды.
Мемлекет Басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулинге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы міндетін уақытша атқару жүктелді.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Нығметұлы Ахметов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметінен босатылды.
Мемлекет Басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі Азамат Құрманбекұлы Әбдімомынов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
akorda.kz



