Жарты жылда Ресейге Қазақстаннан 11,4 мың адам көшіп келді деп хабарлапты Ресейдің көші-қон қызметі. Олардың есебі бойынша, отандастар бағдарламасы бойынша қаңтар-маусым айларында Ресейге ең көп адам Қазақстаннан қоныс аударған.
Өткен жылы Ресейге барлығы 36,9 мың адам қоныс аударса, биылғы жылы көшіп келушілердің қатары артып, қазіргі күнге дейін 21,2 мың адам келіпті. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,7 көп деп отыр Ресей федерациясының көші-қон қызметі.
Биылғы екінші жартыжылдықта қоныс аударғандар мына елдерден келген: Қазақстан – 30,5%, Өзбекстан – 21,2%, Украина – 13%, Молдавия – 10,9%, Армения – 8,9%, Тәжікстан – 6,5%, Қырғызстан – 4,4%, Әзірбайжан – 1,7% және өзге елдер – 2,5%.
Барлық қоныс аударушылардың 64,2%-ы Орталық және Сібір федеральдық өлкелеріне келген.
Ал биылғы екінші жартыжылдықта қоныс аударуға анкета толтырғандардың 37,9%-ы Қазақстаннан, өзгелері Өзбекстан — 17,8%, Украина — 11,3%, Молдовия — 10,2%, Қырғызстан — 5,8%, Тәжікстан — 3,4% және 2,8% өзге елдер.
P.S. Ресейге қоныс аударушылардың ішінде Қазақстандық орыстардың көп болуы оларға мұнда жайсыздық туып, тіршіліктері қиындаған дегенді білдірмесе керек. Себеп басқа. Біріншіден, бізде орыстар шынымен де көп. Сол көптің аз ғана бөлігі кеткен. Екіншіден, кетушілердің көпшілігі бұрыннан бала-шағасы, туысқандары Ресейде тұрып келе жатқан, тіпті кейбірі қос азаматтық алып алған адамдар. Басқа мемлекетте тұратын орыстар түрлі қақтығыстар бастала салып елдеріне жетіп алған. Біздегі орыс ағайындар ешқашан түп көтеріле көшкен емес. Көпшілігі Ресейге оқуға кеткен жалғыз балалырының артынан қоныс аударуда.
«Шын-ақпарат»



