Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»«Құбылай хан» фильмін өзім әлі көрмедім»
Жаңалықтар

«Құбылай хан» фильмін өзім әлі көрмедім»

07/11/20140
Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

Қазақстандық көрермен мемлекеттік телеарнадан бір айдан аса уақыт тамашалаған Қытайдың «Құбылай хан» көпсериялы тарихи-көркем фильмінің көрсетілімі қарашаның 3-і күні аяқталды.

Телехикая орта ғасырларда көшпенділердің қуатты империясын құрған Шыңғыс ханның немересі Құбылайдың өмірін суреттейді. Фильмде моңғол қолбасшысы Сухэ батырдың рөлінде ойнаған Шыңжаңда тұратын этникалық қазақ Дәлелхан Қадыр Азаттыққа сұхбат берді.

Азаттық: – Дәлелхан мырза, өзіңізді қысқаша таныстыра кетсеңіз. Қай жерде туып-өстіңіз? Кино саласында еңбек еткеніңізге қанша жыл болды?

Дәлелхан Қадыр: – 1958 жылы Алтай аймағында Сарысүмбе қаласында дүниеге келдім. 1971 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Шыңжаңдағы «Тянь-Шань» киностудиясына дыбыс актері (суфлер) болып жұмысқа қабылданып, бес жыл еңбек еттім. 1976 жылы Пекиндегі кино академиясына түсіп, актер мамандығы бойынша білім алдым. Оқу бітірген соң Пекинде қалмақшы болған едім. Бірақ бұрынғы жұмыс істеген жерім қоярда-қоймай шақыртып алды. Содан бері табан аудармай «Тянь-Шань» киностудиясында қызмет етіп келемін.

Осы уақыт ішінде Қытайда түсірілген «Шай жібек жолы», «Хан империясы», «Шыңғыс хан» сериалдары мен «Сахарада атылған мылтық» фильмдерінде әртүрлі рольдерде ойнадым. «Көрікті мекен» фильмінде бас кейіпкердің ролін сомдап әрі режиссердің көмекшісі болдым. Кейін өзім де режиссер ретінде «Шынайы махаббат» деген кино түсірдім. Қытайдың мемлекеттік бірінші дәрежелі әртісі деген атағым бар. Қазір Үрімжі қаласында тұрамын. Бір ұл, бір қыздың әкесімін.

Азаттық: – Көшпенділер туралы бірнеше тарихи-көркем фильмде ойнадыңыз. Режиссерлердің таңдауы неліктен сізге түсті?

Дәлелхан Қадыр: – Бізде кино саласында танылған қазақ, ұйғыр, моңғол, тибеттіктер сияқты аз ұлт өкілдері саусақпен санарлықтай ғана. Үлкен тарихи фильмдерге түсуге актер таңдау, іріктеу болғанда солар бір-бірімен хабарласып айтып отырады, немесе бұрын өзің түскен фильмдер арқылы сені режиссерлердің өздері іздеп табады. Сонымен қатар, Қытайдың ішкері жағындағы, Пекиндегі бізді танитын белгілі режиссерлер сыртымыздан таныстырады.

Дәлелхан Қадыр (бергісі) "Шыңғыс хан" фильміндегі Меңлік рөлінде.
Дәлелхан Қадыр (бергісі) «Шыңғыс хан» фильміндегі Меңлік рөлінде.

Тағы бір атап өтер жайт — «Шыңғыс хан», «Құбылай хан» секілді тарихи кино кейіпкерлеріне ханзуларға қарағанда біздің келбетіміз көбірек келеді ғой. Бұған қоса ат үстінде ойнауға келгенде де асып түсіп жатамыз. Соны жақсы білетін режиссерлер актер таңдағанда осы жайттарға ерекше мән береді. «Шыңғыс хан» фильмінде Есукей өлгеннен кейін жетім қалған Темучин мен жесір қалған Оелунге ақылшы болған Меңліктің бейнесін сомдадым. «Құбылай ханда» моңғол қолбасшысы Сухэ батырды ойнадым. Бұл екі фильмде де іріктеуден бірден өттім.

Азаттық: – «Құбылай хан» фильмі Қытайдың қай жерінде, қанша уақыт түсірілді?

Дәлелхан Қадыр: –«Құбылай хан» фильмінің негізгі бөлігі Қытайдың оңтүстік аймағында, таулы, жынысты өлкеде түсірілді. Біз киноға түскен кезде қаңтар айы еді, бірақ күн жылы болды, жиі жаңбыр жауып тұрды, орманнан ыс иісі шығып тұрғандай сезіледі екен. Солтүстіктен барған бізге ол жақтың ауа райы жайсыз тиді, тіпті жазықтан келген аттар тауға шыға алмай қиналды. Ол жақта тарихи фильмдерді түсіруге арнап алып ғимараттар тұрғызып қойған. Ал мал шаруашылығына қатысты көріністер Қытайдың солтүстігінде – Ішкі Моңғолия аймағындағы Ордос даласында түсірілген. Фильмді түсіру 2010 жылы басталып, 2011 жылдың аяғында бітті. Осы кезге дейін бірталай елдерде, биыл Қазақстанда да көрсетілді. Бірақ өзіміз түскен «Құбылай хан» фильмі жарыққа шыққалы бізге әлі көрсетілген жоқ.

Азаттық: – «Шынайы махаббат» фильмінің режиссерімін дедіңіз. Шығармаңыз кім жайында?

"Фың ханым" фильмінде Дәлелхан Қадыр күнби рөлін ойнаған.
«Фың ханым» фильмінде Дәлелхан Қадыр күнби рөлін ойнаған.

Дәлелхан Қадыр: – Өткен ғасырдың елуінші жылдары Қытайда қарапайым халықтың басына түскен бір қиын кезең болды. Сол уақытта 19 жетім баланы асырап алып, оларға шынайы аналық махаббатын көрсеткен ұлы ана туралы жыр бар. Сол жырдың негізінде түсірілген «Шынайы махаббат» фильмі – менің режиссерлік алғашқы шығармам. Онан кейін «Асылбек», «Жібек жолы» фильмдерін түсірдім.

Азаттық: – Қазір немен айналысып жатырсыз? Болашаққа жоспарыңыз қандай?

Дәлелхан Қадыр:  – Қытайдың Іле өңіріндегі Сайран атты үлкен көлге қатысты тылсым аңыз айтылады. Осы аңызды арқау еткен бір фильм жобасын (сценарийін – ред.) жазып аяқтадым. Оған қажетті көріністерді техниканың көмегімен жасау керек. Сонымен бірге мың жылдық тарихы бар Наурыз туралы үлкен бір жұмыстың жобасы да дайын тұр. Тек барлығына қаражат, демеуші керек. Алдағы жылы Шыңжаң ұйғыр автономиялық аймағының құрылғанына 60 жыл толады. Қазір сол жайында деректі фильм түсіріп жатырмыз.

Азаттық: – Сұхбатыңызға рақмет.

azattyq.org

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleШежіре — Тобықты руы
Next Article МЕШІТТЕР НЕГЕ САРҒАЙДЫ?!.

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.