Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Фоторепортаж»«Берлин қабырғасы» құлатылғанына 25 жыл
Фоторепортаж

«Берлин қабырғасы» құлатылғанына 25 жыл

09/11/20141

  9 қараша күні «Берлин қабырғасының» құлағанына 25 жыл толды. Бүгін Германия астанасында осынау атаулы күнге арналған салтанатты шаралар өтеді. Берлинді шығыс және батыс бөлікке бөлген биік дуал құрылысы 1961 жылы басталған. Тамыздың 13-інен бастап Бранденбург қақпасы маңына Германия демократиялық республикасы (ГДР) әскери күзет қоятын болды. Көп ұзамай қаланың коммунистік билік бақылауындағы аудандарын Берлиннің батыс бөлігінен оқшаулаған қабырғаны тұрғызу жұмыстары басталды. Дуалдың жалпы ұзындығы 155 километрге жетті. 1989 жылы коммунистік ГДР-де дағдарыс күшейіп, үкімет шығыс бөліктегі азаматтарға Берлиннің батысына еркін өтуге рұқсат берген соң, тұрғындар дуалды бұзып, алып тастады. «Берлин қабырғасының» құлауы тек ГДР-де ғана емес, сонымен бірге бүкіл Шығыс Еуропада коммунистік жүйенің күйреуінің нышаны болды.

1 

«Берлин қабырғасын» тұрғызу жұмыстары жүріп жатыр. Бернауэр-штрассе, тамыз, 1961 жыл. 13 тамыз күні ГДР мен Берлиннің батыс бөлігі арасындағы шекара жабылды.

 

Берлин қабырғасын тұрғызу. Сурет 1961 жылы 20 қараша күні түсірілген.

Батыс Берлин тұрғындары америкалық әскерилердің бақылауындағы «Чекпойнт Чарли» бақылау бекеті маңында. Шілде, 1963 жыл.

Батыс Берлинге сапармен келген АҚШ президенті Джон Кеннеди «Ich bin ein Berliner» («Мен — берлиндікпін») деген әйгілі сөзін сөйлеп тұр. 26 маусым 1963 жыл.

Берлинді екіге бөлген тікенек сым қоршаудың ар жағында тұрған Бранденбург қақпасы. Маусым, 1968 жыл.

Берлиннің шығыс және батыс бөліктері арасындағы «Чекпойнт Чарли» бақылау бекеті. 1968 жылдың жазы.

«Берлин қабырғасы» мен оның арғы жағында қаланың шығыс бөлігінде тұрған ғимараттар. 1968 жыл.

Дуалдың батыс бөлігі суретшілер мен әлемнің әр түкпірінен келген туристердің салған суреттері мен жазулары жинақталған галерея іспеттес еді. Ал қатаң күзет қойылған шығыс жағы тап-таза күйінде қалды. 1984 жылы 29 сәуірде түсірілген сурет.

Дуал екіге бөлген Берлин қаласының көрінісі. 1986 жыл.

1989 жылы 9 қарашада ГДР үкіметі батыс Берлинмен арадағы шекараны ашқан соң, тұрғындар қаланы екіге бөліп тұрған дуалдың Бранденбург қақпасы маңындағы бөлігін бұзып жатыр.

Батыс пен шығыс Берлин арасындағы шекара ашылды. Берлин, 9 қараша 1989 жыл.

Қабырғаның екі жағында қалып келген Берлин тұрғындары бір-бірімен қауышып жатыр. 10 қараша 1989 жыл.

 

Коммунистік ГДР-де танымал «Трабант» автокөлігі Рудольфштейн шекара бекеті ашылған соң қаланың батыс бөлігіндегі А9 тасжолына шықты. 11 қараша 1989 жыл.

 

Берлин дуалының Подтсдамер-плац ауданындағы бөлігіне шығып жатқан ГДР әскери қызметкерлері мен қала тұрғындары. 11 қараша 1989 жыл.

 

Тұрғындар «Берлин қабырғасын» құлатып жатыр. Потсдамер-плац, 12 қараша 1989 жыл.

azattyq.org

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЫрысбек ДӘБЕЙ: Әлсін-әлі тау басына қараймын, Самал сөздің көбігінен жерініп…
Next Article Елбасы Германияның федералдық сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайерді қабылдады

Оқи отырыңыз...

Сайлау және марафон

26/04/20152

Алматыда Данияр Кесікбаев пен Нуриана Наджаваның үйлену тойы өтті (фото)

19/04/20151

Қазақстанда құны $10 млн болатын мешіт ашылады (ФОТО)

15/04/20151
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.