Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Елбасының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар

Елбасының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

13/11/20140

 

Отырыста Қазақстандағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. Бұл тақырыптың өзектілігін бірқатар фактор, соның ішінде әлемдегі Эбола вирусының таралуына байланысты оқиғалар көрсетіп отыр.

Отырысты ашқан Қазақстан Президенті халық денсаулығын қорғауды тиімді қамтамасыз ету мемлекеттің басымдығы бар міндеттерінің бірі саналатынына тоқталды.

– Елімізде жұқпалы, соның ішінде әлеуметтік аурулардың, сондай-ақ сібір жарасы мен бруцеллезді қоса алғанда, жануарлардың қауіпті ауруларының ошақтары бар. Сонымен бірге, Эбола вирусының таралуы секілді сыртқы қатерлер де ұлғаюда. Тұрғындарды түрлі жұқпалардан қорғау мәселесіне жіті назар аударып, тиісті шаралар қабылдау қажет. Мемлекеттік органдардың жауапкершілігін нақты айқындап, олардың іс-қимылдарын үйлестіруді қамтамасыз еткен жөн, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұл ретте Мемлекет басшысы қазіргі қалыптасқан жақсы ахуал арқаны кеңге салуға себеп болмауы тиістігін, өйткені әлемге есігі ашық Қазақстанның кең ауқымды сауда-экономикалық байланыстары, азаматтардың барыс-келістері елімізге қатерлі жұқпалардың келу қаупін жоққа шығармайтынын атап өтті.

Туберкулезбен сырқаттану деңгейін төмендету жөнінде қабылдаған шараларға қарамастан, бұл ауру бұрынғысынша мемлекеттік деңгейде көңіл бөлуді қажет етеді. Осыған орай, туберкулезбен ауырудың барлық оқиғаларын толық анықтауды қамтамасыз ету және жасырып қалу фактілеріне байланысты қатаң жазалаудың маңыздылығы айтылды.

Қазақстан Президенті көршілес елдермен және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен өзара іс-қимылды және трансшекаралық қауіптер мен биологиялық қатерлер туралы ақпарат алмасуды жандандыру жөнінде міндет қойды.

Нұрсұлтан Назарбаев денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, ауыл шаруашылығы, білім және ғылым, ұлттық экономика министрліктеріне қарасты мекемелердегі жұқпалы ауруларға қарсы тұру тақырыбы бойынша жүргізілетін ғылыми зерттеулерді үйлестіруді жұмыстың маңызды бағыты ретінде атады. Болашақта қазақстандық ғалымдардың әзірленімдері негізінде өзіміздің диагностикалық құралдар мен дәрілік препараттардың өндірісін жолға қою қажет.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қауіпті аурулар тұрғысынан қолайсыз елдерге іскерлік және жеке мәселелермен шығатын Қазақстан азаматтарын сақтану шаралары туралы ақпараттандыруды тапсырды.

Отырыс барысында баяндама жасаған Ұлттық экономика министрі Е.Досаев пен Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков елдегі эпидемиялық және эпизоотиялық ахуал жалпы алғанда тұрақты екенін айтты. 2002-2014 жылдары тіркелген оба, тырысқақ, сібір жарасы, конго-қырым безгегі секілді аса қауіпті жұқпалар іс жүзінде бірен-саран сипатта болды.

Соңында Мемлекет басшысы аталған мәселелер бойынша барлық бағдарламалық құжаттар қабылданғанын, сондықтан оларды уақытылы және сапалы жүзеге асыру Үкімет пен атқарушы биліктің жергілікті органдарының маңызды міндеті болып саналатынын айтты.

akorda.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Бұл қырғиқабақ соғыс емес…»
Next Article Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201463

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.