Италия полициясы елдің солтүстігіндегі Брианцаның түбінде әйгілі Ндрангета (қате жоқ, рас осылай жазылады) мафиясының қатарына адам алып, ант қабылдату рәсімін жасырын камераға түсіріп алыпты. Кино емес, шын мафиядағы бұл рәсім кезінде қабылданушы мен қабылдаушы арасында нақты қандай диалог болатынын төменде тәптіштеп жазып отырмын, жас жазушы достарым болашақ романдарында деталь етіп пайдаланар;)
— Жеті ұрпағыма дейін киелі қоғам санайтын қылмыстық ұйымға барымды салуға ант етем. Жұлдыз жарығының, ай нұрының астында киелі алқаға қосылам.
— Бұл сәттен бастап ешкім саған сот емес, өзіңе өзің сотсың. Қателік жасасаң, я у ішіп өлесің, я атылып өлесің. Қаруыңдағы бір оқты үнемі осыған сақта.
Қалған қызық мұнда:
http://www.azattyq.org/…/world_news_in_kazakh…/26700013.html
Galym Bokashтың facebook парақшасынан алынды


