Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕГІ ӘСКЕРЛЕРДЕ ЖАУЫНГЕРЛІК ӘЗІРЛІКТІ КЕНЕТТЕН ТЕКСЕРУ БАСТАЛДЫ
Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕГІ ӘСКЕРЛЕРДЕ ЖАУЫНГЕРЛІК ӘЗІРЛІКТІ КЕНЕТТЕН ТЕКСЕРУ БАСТАЛДЫ

21/11/20140

19 қарашаға қараған түнде Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бұйрығы бойынша қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі И.Н. Тасмағамбетов Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілетінің жай-күйін күтпеген тексеру жүргізді. Тексеру барысында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлері, Аэроұтқыр әскерлер мен ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері дабыл бойынша көтеріліп, жоспарланбаған аудандарға шығарылды.  Барлығы бұл іс-қимылдарға 3 мыңнан астам адам, 400 бірлік әскери техника және 36 авиациялық техника қатысты. Әскерлердегі маневрлерді ҚР Қорғаныс министрі және Бас штабтың өкілдері бақылады. Жасалған екікүндік тексеру барысында құрамалардың ұтқырлығы және олардың алыс қашықтықтарға күштерді жедел жеткізуге қабілеттілігі тексерілді. Полигондарда атыс және тактикалық-арнайы міндеттерді пысықтау жүргізілді. Бұл іс-шаралар командирлер мен штабтардың жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейлеріне келтіру, шоғырлану ауданына шығу кезіндегі іс-қимылдарына баға беру үшін өтуде. Сондай-ақ бұл әскерлерді жедел өрістеткен және жауынгерлік даярлық жоспары бойынша қолданған жағдайдағы материалдық-техникалық құралдардың жай-күйін, жеткілікті бар болуын және мұқтаждығын айқындау үшін қажет.  ҚР Қорғаныс министрі И.Тасмағамбетов: «Қорғаныс министрлігі Жоғарғы Бас Қолбасшының тапсырмасы бойынша күтпеген тексерулерге негізделген түрлі іс-шаралардың үлкен кешенін өткізеді. Жоспардан тыс тексерулер бүгінгі таңда армияның жауынгерлік әзірлігін тексерудің ең тиімді әдісі болып отыр», — деп түсіндірді. Қарулы Күштерді осылайша тексерудің қорытындысы ретінде жедел жиналыс өткізіліп, онда бөлімдер мен құрамалар жауынгерлік әзірлігінің негізгі нәтижелері баяндалды. ҚР Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының тапсырмасына сәйкес оқу-жаттығудың жалпы талдауы мен қорытындысын Бас штаб  Қорғаныс министрлігінің алқасында баяндайтын болады.

mod.gov.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҒабит Мүсірепов. «Жапон балладасы» (Новелла)
Next Article Мұстафа Өзтүрік алпысқа толар еді

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.