Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімовтің ресми сапары аясында өткен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер
Жаңалықтар

Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімовтің ресми сапары аясында өткен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер

27/11/20140

 

Қазақстан Президенті Өзбекстан біздің еліміздің Орталық Азиядағы жетекші сауда-экономикалық серіктесі екенін айтты.

– Әлемдік экономикадағы жағымсыз үрдістерге және негізгі өнім түрлеріне бағаның төмендегеніне қарамастан, елдеріміздің арасындағы тауар айналымы өсіп келеді. Бұл көрсеткіш 2013 жылы 2 миллиард доллардан асты, биылғы 9 айда да жақсы өсім байқалып отыр. Елдеріміз экономикалық әлеуетін толық пайдаланып отырған жоқ деп санаймын. Тауарлар номенклатурасының аясы тар екендігін ескере отырып, Үкіметаралық комиссия мен үкіметтеріміз сауда көлемін ұлғайту бағытында жұмыс істеу керек, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу мәселесіне орай Өзбекстан Қазақстанның кандидатурасын қолдағаны үшін алғысын білдірді.

– Біз көрме кешенінің құрылысын салуға кірістік, іс-шараны лайықты деңгейде өткізуге қажетті қаражат бөліп жатырмыз. Өзбекстан осы көрмеге қатысады деп үміттенеміз, ал біздің ел бұған қажетті жағдай жасауға әзір, – деді Қазақстан Президенті.

Соңында Мемлекет басшысы келіссөздер өзара қарым-қатынастарды, соның ішінде сауда-экономика саласындағы байланыстарды нығайтуда маңызды рөл атқаратынына сенім білдірді.

И.Кәрімов өзінің бұл сапары екі мемлекет басшыларының былтырғы жылы Ташкентте өткен кездесуінің заңды жалғасы болып саналатынын айтты.

– Біз бұл сапарды көпқырлы өзбек-қазақ қатынастарының тұтас кешенін сыни тұрғыдан талдаудың, өңірлік және халықаралық сипаттағы өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасудың жақсы мүмкіндігі ретінде қарастырып отырмыз. Стратегиялық серіктестік туралы мән-маңызы жағынан тарихи шарттың қабылдануы аса қажетті қадам болды. Осы құжатқа қол қойған кезде мен оған әсіресе әлемде түрлі үдерістер болып жатқан дәл бүгінгідей мән бере қоймағанымды айта кеткен жөн. Бүгінде ол аса өзекті болып отыр, – деді Өзбекстан Президенті.

Ол стратегиялық серіктестік туралы шартқа қолдың қойылуы Қазақстан Президентінің саяси алғырлығы мен оның болашақты көре білуінің нәтижесі екендігіне тоқталды.

И.Кәрімов сондай-ақ Өзбекстан Қазақстанның белсенді сыртқы саяси ұстанымы мен Нұрсұлтан Назарбаевтың өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға, елдің халықаралық аренадағы беделі мен рөлін көтеруге бағытталған бастамаларын қоштайтынын айтты.

– Біз бүгінгі келіссөздерде ұзақмерзімді стратегиялық және ұлттық басымдылықтарымыздың ұқсастығы мен мызғымастығына деген сенімді атап көрсеттік, алдымызда тұрған ауқымды мақсаттар мен міндеттерді келісіп, бірлесіп шешуге деген саяси ерік-жігер мен екіжақты ұстанымды растадық, – деді Өзбекстан Президенті.

akorda.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleМұстафа Өзтүрік алпысқа толар еді
Next Article Серік Ахметов өзіне тағылған айыппен келіспейтіндігін айтты

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.