Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев қазақ хандығының 550 жылдығын бүкіл ел болып атап өтуге шақырды.
«Жақында ғана Үкімет қаулысы қабылданды. Оған сәйкес осы іс-шараны өткізу үшін республикалық комиссия құрылды. Оның төрағасы Премьер-Министрдің орынбасары, құрамына президент Әкімшілігі басшысының орынбасары, министр, Жамбыл облысының әкімі, министрлердің, облыс әкімдерінің орынбасарлары енді» деді.
Кеше сол омиссияның алғашқы отырыс өтіп. Мерейтойға қатысты іс-шаралар жоспары тағы пысықталды.
«Бұл мерекені бүкіл қазақстандықтар болып атап өтуіміз керек. Мемлекеттің қалыптасуы сол кезден басталатынын нықтап, оның қазаққа ғана емес, Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлттар мен ұлыстардың өкілдеріне қатысты екенін паш етуге тиіспіз» деді, Сапарбаев. Үкімет басшысы орынбасарының сөзіне қарағанда, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына қатысты іс-шаралар тек қана Жамбыл өңірімен шектелмейді.
«Себебі, қазақ хандығының ары қарай дамуына, қалыптасуына басқа да қалалардың үлесі бар. Мәселен, Түркістан, Сығанақ, ар жағындағы Сарайшық, Бөкей ордасы, мына жақта Ұлытау, Көкшетау және басқа қалалар тарихи елді мекендер» деді ол.
ult.kz



