2014 жылдың 3 желтоқсаны күні, сағат 14:00-де Жамбыл атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасының жанынан құрылған «Әдебиет әлемі» орталығында «Зерде-сынақ — кітап оқыту интеллектуалдық ойыны» атты жаңа авторлық жобаның тұсауы кесілді. Шара «Әдебиет әлемі» орталығының бастамасымен, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының қолдауымен ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты:
1. Жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту. Ел ішінде кітап оқитын жақсы үрдіс қалыптастыру. Сол арқылы еліміздің руханиятының дамуына үлес қосу.
2. Ақын-жазушылардың танымалдығы мен кітаптарының таралымына ықпал ету.
«Кітап оқыту интеллектуалдық ойынының» алғашқы байқауына алты автордың кітаптары ұсынылған. Нақтырақ айтсақ төмндегі авторлардың өмір баяны, шығармалары төңірегіндегі сұрақтарға жауап беру формасында өтті
1.Нұрсұлтан Назарбаев
2.Тұманбай Молдағалиев
3.Мұқағали Мақатаев
4.Жұмекен Нәжімеденов
5.Қадыр Мырза Әли
6.Төлеген Айбергенов
Байқау жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Ұлықбек Есдаулет, Байғали Есеналиев, Гүлсім Сағатбайқызы қазылық етті. Асылы Османова, Секен Тұрысбек, т.б. зиялы қауым өкілдері, өнер адамдары пікірлерін білдіріп, өнерлерін көрсетті.
Бас бәйге Қасенұлы Еламанға бұйырды. (Орта Азия университетінің студенті)
Жаңғалбаев Нұрбек, I орын. (Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер акедемиясының студенті)
Ибраймова Айдана, II орын. (Қазақ Мемлекеттік Қыздар университетінің студенті)
Ысқақ Оралбек, III орын. ( Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті)
Жеңімпаздарға дипломдар мен заттай сыйлықтар табыс етілді.
«Зерде-сынақ — кітап оқыту интеллектуалдық ойыны»
ай сайын өткізіледі деп жоспарланып отыр.
Жобаның авторы және ұйымдастырушысы –
«Әдебиет әлемі» орталығының жетекшісі,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын
Мұратхан Шоқан
2014 жыл, Алматы






