Абылайдың замандасы, Керейдің Байғара руынан тарайтын атақты Қуандық батырдың шапаны. 1745 жылы тігілген екен. Қазақтың 13 шебер әйелі 90 күнде 7 маралдың терісінен тіккен. 2 қолды жайғанда 2 жеңнің ұшының арасы 2 метр 20 см. Жеті түрлі жіппен жеті түс қолданылған: қызыл, сары, қоңыр, ақ, жасыл, көк, қара. ,68 парша-құрақтан тұрады, 415 гүл өрнектелген. Қытай жағы Алтайдың Буыршын аудандық мұражайында сақталған.
Erlan Karin facebook парақшасынан алынды


