Дәл бүгінгі күннің маңызын шеттегі қандастарымызда сезініп, қадір-қасиетін ұғынуда. Олар атажұрттан жырақта жүрсе де, туған жердегі барлық іс-шарадан хабардар. Ресейдегі қандастарымыз өздерінің ақ тілектерін жолдаған екен. Іштей қуанып қалдық.
Ержан Жұмабаев: «Шоқан жолы» қазақ дәстүрін жаңғырту қоғамының басшысы.

Тәуелсіздік деген ұғым – бұл мемлекет үшін ең басты мереке деп білемін. 1991 жылы бүкіл ел болып толқыған сәттер де есімде. Біз Ресейде тұрсақ та жанымыз, рухымыз қазақ. Қазақстандағы кез-келген іске алаңдап отырамыз. Бірақ бүгінгі тәуелсіз елдің жеткен жетістігіне біз мына жақта отырып қуанып отырамыз. Біз енді бизнесімізді халықаралық дәрежеге көтере аламыз. Өйткені бауырлас елдердің арасында қазір сауда болсын, басқа да кәсіппен айналысуға жол ашылды. Енді көп ұзамай Еуразиялық экономикалық одақ күшіне енеді. Бұл үлкен жобаның да басында Нұрсұлтан Назарбаев тұр. Ресей халқы оның осындай саясаттағы сан қырлы тапқырылығына таңқалады және мойындайды. Бұл Одақ елдің дамуына көп септігін тигізеді деп сенеміз. Тәуелсіздік алғаннан кейін елдегі ішкі рухани мәдениетте дами түсті. Біз Омбы қазақтары ат-бабамыз 300 жыл мекендеген жерінде тұрып жатырмыз. Омбы қамалы соғылмай тұрып мұнда біздің бабамыздың ізі қалған. Қазақстандағы барша ағайынды осынау айтулы мерекемен құттықтаймыз. Әрбір азамат бұл қасиетті күннің маңыщын сезінсе екен.

Алтынай Жүнісова: Сібір қазақтары «Мөлдір» мәдени қоғамының басшысы.
Біз Омбы қазақтары атынан осынау ұлы мерекемен Сіздерді құттықтаймыз. Туған елден жырақта жүрсек те, барлық оқиғалардан хабардармыз. Біз жақында ғана туған халқына «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын жылы қабылдадық. Омбыдағы қазақтар диаспора емес, біз бабамыздың жерінде өмір сүріп жатырмыз. Одан бөлек біз тіліміз бен мәдениетімізді сақтап отырмыз. Мұның барлығы Нұрсұлтан Әбішұлының екі елдің арасын жақындату мақсатында жасап отырған қадамының арқасы дер едім. Егемендікпен бірге ел астанасы ауысты. Сол елорда да түрлі саммиттер өтіп жатыр. Спорттық шараларды өткізіп жатырсыздар. Бүкіл әлем тануда. Мұнда Ресейде тұратын әрбір халық Қазақстан президентін құрметтейді. Оның сарабдал саясатына жоғары баға береді. Тәуелсіздік – кез-келген халықтың үлкен құндылығы. Сондықтан біз бақыттымыз. Өйткені қазақ деген халықтың басты құндылығы бар. Сіздерді мерекемен құттықтаймыз. Әрбір шаңыраққа бақыт, ынтымақ тілейміз.


