Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Қазақ рулары»Қазақ руға бөлінбейді, қазақ рудан құралады…
Қазақ рулары

Қазақ руға бөлінбейді, қазақ рудан құралады…

23/12/20141

Бүгін «Радиоточка» сайтындағы қазақ қоғамындағы рулардың рөлі туралы талқыға қатысып қайттым.

Талқыдан шыққан соң миға мынадай бір аналогия келді.

Рудан қорқудың, үркудің қажеті жоқ. Ру — қазақ болмысының бір бөлігі. Қандағы қанттың мөлшері сияқты дүние. Қантсыз қан болмайды. Мүмкін емес.

Қант жеткіліксіз болса адам ағзасындағы заттар айырбасы нашарлап, жүрек ауруларына соқтырады, мидың қоректенуі нашарлап, адам жиі есінен танып, тіпті комаға кетіп жатады.

Қант мөлшері тым көп болып кетсе, бұл қатерлі ауруларға, әсіресе диабетке апарып соқтырады. Адам ағзасы дұрыс жұмыс істемей, ішінен шіри бастайды. Аздық та, көптік те адам өліміне апаруы мүмкін.

Яғни, руымызды, жеті атамызды білу міндет. Бірақ оны міндетсінуге жол жоқ. Руын, тарихын білмеген адамның толыққанды қазақ болуы екіталай. Себебі жан-дүниеңнің үлкен бір бөлігін білмеу, түсінбеу, оған тиісті мән бермеу трагедия, рухани өлім, мәңгүрттік.

Қазақ руға бөлінбейді, қазақ рудан құралады. Ру тарихы — қазақ тарихының құрамдас бөлігі. Оны зерттеу, білу бөлінуге емес, бірігуге итермелеуі тиіс. Себебі ру о бастан бөліну үшін емес, бірігу үшін құралған қоғамдық институт. Оны қазақтың ішіне іріткі салу үшін зерттеп, біліп жүргендер қазақ ұлтының да, өз руының да жауы, кеще, надандар.

Яғни қоғамымыз қашан да ағзадағы «қанттың мөлшерін» реттеп отыруы керек. Осы мәселемен айналысып жүрген әрбір азаматтың құлағы түрік, көкірегі ояу болуы тиіс. Рудың қазақ тарихы мен болмысындағы рөлін төмендетуге де болмайды, оны абсолюттендіруге де болмайды. Алтын ортамен жүріп өту қажет.

 

Айдос Сарым

Facebook парақшасынан алынды.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТАҒЫ ДА КӨШ МӘСЕЛЕСІ: ЕЛ ДЕ, ЕЛБАСЫ ДА АЛАҢДАМАС ҮШІН…
Next Article Байқоңырдағы 6 мектеп, 1 балабақша Қазақстанға қайтарылды

Оқи отырыңыз...

Шежіре: Ғұндардың қалыптасу кезеңі

16/02/20150

Тана руы хақында

24/01/20151

Оңтүстік Қазақстан облысын мекендейтін қазақтың ру-тайпалары

16/01/20152
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201463

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.