Мишель де Нострдамус

Француздың әйгілі көріпкелін баршамыз білетін шығармыз. 1503 жылы 21-ші желтоқсанда дүниеге келген көріпкел өмірлік жолын дәрігерліктен бастағанды. Ол астраномия, химия, дәрі дәрмек жасауды да жеттік меңгерген. Алайда оның болашақты болжап жазғандарының өзі бір төбе. Нострадамустың болашақты болжағандағы айтылған көптеген болжамдары тарихта шынайы орын алды. Енді алдағы келе жатқан 2015 жылды не деп болжағанын танысып көрейік.
1. 2015 жылы АҚШ-та аса қуатты жер сілкінісі орын алады депті. Иә, уақыт көрсетер…

2. 2015 жылы экономикалық дағдарыс орын алып, Франция, Германия елдеріне қатты әсер етеді-мыс. Сонымен қатар әлемдегі танымал 4 саяси басшыларға қастандық жасалуы мүмкін депті.

3. Салық атауы жоғалып, ғалымдар мәңгілік қартаймаудың емін табады екен.

4. Сонымен қатар энергия, қуат көзінің тиімді, арзан жолдарын пайдаланудың тәсілі табылады депті жарықтық.
Әрине басты бағыт күн көзінен болар.

5. Әлем халқының өмір сүру деңгейңі жоғарласада дағдарыс жолы жалғаса береді. Осы дағдарыстың АҚШ-қа әсері айтарлықтай мол депті.
Ресейдегі дағдарыстарды ұмытқан тәрізді.

6. 2015 жылдың аяғы 2016 жылдың басына қарай «Vesuvius» деген жанар тауы жарылады екен. Осы жарылыстан кедейлік жағдайы орын алып, көптеген адамдар қаза болады. Тағысын көптеген жер сілкіністері орын алып, әлемде бірнеше күн қараңғылық орын алады.

7. Аталмыш осы 2015 жылы әлемді басқаратын болашақ басшы дүниеге келеді-мыс. Ол кісі әлемдегі орын алып жатқан жамандық атаулыларынан толықтай құтқармақ деп отыр.
Олай болса жақсы болдығой.

8. 2015 жылы жаңадан діни ағым пайда болады. Ең алдымен Орыстар арқылы тарап, кейін басқа елдерге жайылады. Ал 2040 жылы барлық әлем тек осы дінге ілеседі деп отыр.
Жаңа ағым емес Ислам діні болса екен.

9. 2015 жылдың бірінші жартысында Таяу шығыста үлкен даулы мәселе туындап, соның кесірінен дүниежүзілік 3-ші соғыс өртінің тұтануына себеп болуы мүмкін дейді.

Бәрі бір жаратқанның қолындағой. Болжамдар айтыла береді. Ал оның орындалуы уақыттың еншісінде. Қой жылығой. Қазақи наным сенімге келсек қой тектес момақаны жуас, тыныш жыл болса керекті. Болжам-болжамғана. Ал сіздіңше жоғарыдағылардың қайсысы шындыққа жанасуы мүмкін?
KhanagatNurbol
blogtime.kz


