Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Абай жайлы мультсериалдың алғашқы бөлімдері түсірілді
Жаңалықтар

Абай жайлы мультсериалдың алғашқы бөлімдері түсірілді

21/01/20150
Абай жайлы мультсериалдың алғашқы бөлімдері түсірілді


Қытайда қазақ ақыны Абай туралы 3D форматындағы 104 сериялы анимациялық фильм түсіруге кірісті. Фильм иесі «туынды қазақ мәдениетін түсінуге сеп боларын» айтады.Абай жайлы мультсериалдың алғашқы бөлімдері түсірілді

Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

Қытайдың Үрімжі қаласындағы қазақ кәсіпкері Ғұсман Қажытай басқаратын «Абай жолы» анимациялық компаниясы «Абайдың балалық шағы» атты көпсериялы анимациялық фильм түсіріп жатыр. 1979 жылы Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданы Тарбағатай аймағы Толы ауданында туған, мамандығы экономист Ғұсман Қажытай Азаттыққа берген сұхбатында қазақтың классик ақыны туралы мультфильм түсіру себебін түсіндірді.

Азаттық: – Көпсериялы мультфильмнің басты кейіпкері ретінде Абайды таңдауға не себеп болды?

Ғұсман Қажытай: – Қазақстанда «Алдар көсе», «Қаңбақ шал», «Қошқар мен теке» секілді мультфильмдер шықты ғой. Бірақ Қазақстанда түсірілген мультфильмдердің Қытайда көрсетілмейтіні белгілі. Балаларға арналған мультфильмдер Қытайда да бар, алайда олар біздің ұлттық қасиетімізді нақты бейнелей алмайды. Қазір бала түгілі кейбір жас қыз-жігіттердің өзі қазаққа тән ұлттық бояудан айрылып бара жатыр. Қазақ тілінде жақсы кітаптар шыққанымен, оны оқи қоятын бала да, жастар да аз. Сол себепті Абайды телеарна арқылы көрерменге, балаларға ұсынсақ, болашақта олар да қазақтың мәдениетін, әдебиетін түсініп өсер деген оймен қолға алдық.

Азаттық: – Бұл анимациялық фильмнің қанша сериясын түсіріп біттіңіздер?

Ғұсман Қажытай: – Жұмысты 2014 жылдың басында қолға алғанбыз. Бұл мультфильм 104 сериядан тұрады. Әзірге 2-сериясын аяқтап қалдық. Бастапқы сериялары 13 минуттан, үгіт, таныстыру ретінде болады. Ары қарай толыққанды жұмыс етіп шығарамыз.

Үш жыл көлемінде түсіріп бітіруге тиіспіз. Алғашында жоспарлау, образдарды тұрақтандыру, тиісті мекемелерге бекіттіру секілді даярлық жұмыстары біраз қолбайлау болып қалды. Бұл жұмысымыз сәтті болып, 50-60 сериясын телеарнадан көрсете алсақ, кейін толықметражды мультфильм ету ойымыз да бар.

Азаттық: – Көпсериялы мультфильм түсіру жұмысына кімдер көмектесті?

Ғұсман Қажытай: – Жеке компаниялар мен жекелеген азаматтардың қаржылай қолдауымен қолға алып жатырмыз. Басында біз үшін ең басты қиындықтың бірі осы қаржы мәселесі болатын. Қазір ол да бір ізге түсіп келеді. Бұл жұмыстың ұлттық бояуы, сценарийі жағынан «Қазақфильм» киностудиясы жақсы күш шығарып жатыр. Фильмнің сценарийін де «Қазақфильм» киностудиясында жұмыс істейтін азаматтардың бірі жазды. Аты-жөндерін әзірге өздері де атағысы келмей отыр, сондықтан мен де құпия ұстай тұрайын.

Азаттық: – Сұхбатыңызға рақмет.

azattyq.org

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚайрат Келімбетов өз еркімен қызметінен кетті
Next Article Тінейдің сары құсы

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201463

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.