Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»«Ресейге келсем, құсқым келеді»
Жаңалықтар

«Ресейге келсем, құсқым келеді»

22/01/20151

Совет одағында туып, 21жылдан бері АҚШ-тың Бостон қаласында тұрып жатқан биофизик Максим Франк-Каменецкий жақында Ресейге келіп, төрт ай тұрып кетті. Елдегі ахуалдан шошыған ол ресейліктерге ашық хат жазды.

Әйгілі биофизик Максим Франк-Каменецкий осыдан 21  жыл бұрын Ресейден АҚШ-қа көшіп кеткен. Бостон университеті биомедициналық инженерия профессоры Максим Франк-Каменецкий — ДНК топологиясы саласында аты шыққан ғалымдардың бірі. Өткен күзде ол сабақ беру мақсатымен төрт айға Мәскеуге келді.

Бұл сапары оны қатты тебіренткені сондай — ол бар ащы шындықты жайып салып, ресейліктерге ашық хат жазды. Оның айтуынша, «Ресейде жалған патриотизм мен Путиннің жеке басына табыну қалыптасып, антиамерикалық көзқарас орныққан, ал интеллигенция бұрынғы бар бостандығынан оп-оңай бас тартқан».

«Мұнда келгенімде менің аузыма құсық келді, неғұрлым ұзақ қалған сайын лоқсыған сезімім соғұрлым күшейе берді, — деп жазды ол осы айдың басында интернетте жарық көрген, ел ішіне кең тарап кеткен ашық хатында. — Бұл елде Сталин заманынан бері мұндай орталықтандыру, биліктің бұлайша бір адамның қолына шоғырлануы болған емес».

«ҒЫЛЫМИ ОРТАДА ҚАРСЫЛАСУШЫЛАР ЖОҚ»

Ол президент Путинге «жаппай құлдық ұру» әрекетіне қатты таң қалғанын айтады.

«Бұл — бала кездегі бір адамға құлай берілу культі», — деді ғалым Азаттық радиосына берген сұхбатында.

Мұндай халықты «оятатын» пікірлер Ресейде қазір сирек айтылатын болған. Батыс Кремльдің Украина дағдарысына қатысты әрекеттерін сынағалы бері халық күн өткен сайын оқшаулану саясатын жүргізіп келе жатқан үкіметті бұрынғыдан бетер қолдай бастаған.

Максим Франк-Каменецкий. 9 қаңтар, 2014 жыл.
Максим Франк-Каменецкий. 9 қаңтар, 2014 жыл.

Ашық хатында Франк-Каменецкий Сталин заманындағыдай қудалау мен террор жоқ болса да, халықтың үрейде отырғанын айтады: «Шекара ашық, қудалау машинасы болғанымен, ол жай вегетариандық машина болып қалған. Соған қарамастан, интеллигенция есуастық мантрамен өздерінің Ресейге, орыс мәдениетіне, «орыс өркениетіне» деген шексіз әрі риясыз махаббатын қайталап айта береді. Бұл мантраны тоқтаусыз айта бермесе, оларды дуалға тақап [атып тастайтын] сияқты», – дейді.

«Совет заманында ғылыми орта қарсыласуға қауқарлы болатын: академик Сахаров, Сергей Ковалев сияқты ғалымдар Шереметьевоға келіп, шетелге кетіп қала алмаса да, режимге наразылық білдіре алған. Қазір ғылыми ортада мұндай қарсыласушыларды байқамай отырмын»,  – дейді Франк-Каменецкий.

«ПОСТИМПЕРИАЛИСТІК ҚОРСЫНУ»

Максим Франк-Каменецкий ресейліктер арасындағы антиамерикалық көзқарастың өршіп кеткеніне де қатты таңқалғанын айтады. Ғалымның айтуынша, «бұл – Совет одағының құлауынан пайда болған постимпериалистік қорсынудың белгісі».

Франк-Каменецкий Мәскеудің ең әйгілі көшелерінің бірі – Арбатта АҚШ президенті Барак Обаманы келемеждейтін нәсілшілдік мазмұндағы жейделер мен Путинді мадақтайтын «Ең күшті президент» деген жейделердің қатар сатылып жатқанын айтады.

— Антиамериканизммен жұрттың бәрі әртүрлі деңгейде ауырады. Бір қызығы, тіпті Путиннің Украинада жасап жатқан әрекеттері шектен шығу екенін түсінгендердің өздері АҚШ әкімшілігінің қателіктерін – олардың Югославияны бомбалауын, Ауғанстан мен Иракқа басып кіргенін, тағы басқа мысалдарды айта келеді де Путиннің қателігі Америка жасаған қылмыстың қасында түк те емес дейді.

Ашық хатында Франк-Каменецкий өткен жылғы наурызда Ресейдің Украинаға тиесілі Қырым түбегін басып алу әрекетін ресейліктердің басым көпшілігі,  73 пайызы қолдағанын ерекше атап өтеді.

Бұл аннексиялауды «қауіпті прецедент» деп атаған ол тіпті Адольф Гитлердің өзі немістер тұратын Судетенландты Чехословакиядан тартып алардың алдында Франциямен және Ұлыбританиямен келіссөз жүргізген дейді.

«Калининград аймағы делінетін Кенисгберг пен Шығыс Пруссия ше? Бұл да Ресейдің жері ме? Әлде Германияның ба?» — деп жазады автор әлгі ашық хатында.

«РЕСЕЙДІ БЕЛГІСІЗДІК ПЕН ҮРЕЙ ЖАЙЛАҒАН»

Бұрынғы отанына жиі келіп тұратын Франк-Каменецкий бұл жолы Ресейдің шекарасынан шыға бергенде ерекше жеңілдікті сезінгенін айтады.

Оның айтуынша, «белгісіздік пен үрей билеп алған Ресей біртіндеп Совет заманына кері сырғып барады».

— Бұлай қауіптенуге негіз бар, себебі келесі қадамның қандай болатынын ешкім білмейді. Барлығына бір адам жауапты. Бұл да қатерлі нәрсе, себебі қазіргі болып жатқан оқиғалардың соң оның дұрыс шешім қабылдау мүмкіндігі үлкен күмән туғызады, — дейді америкалық ғалым.

Қырымдағы Ресей қауіпсіздік күштері. 10 желтоқсан, 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Қырымдағы Ресей қауіпсіздік күштері. 10 желтоқсан, 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Франк-Каменецкийдің айтуынша, қос азаматтығы бар ресейліктердің Ресей миграциялық полициясына келіп тіркеуге тұруын талап ететін жаңа заңның қабылдануы шетелде тұрып жатқан ел азаматтарын қатты шошытқан.

Ресейдің де, АҚШ-тың азаматтығын алған биофизик өз еркімен барып Ресей құқық қорғау органдарына тіркеуге тұрған.

Оның айтуынша, оның Америкада тұратын ресейлік әріптестері мен достары енді отандарына бармауға бекініп отыр.

— Егер әлгі адам елге келген соң  60 күннің ішінде тіркеуге тұрмаса, онда ол әкімшілік не қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Көп адамды осы талап қатты үрейлендірді, — дейді ол.

Ресейде төрт ай тұрған Франк-Каменецкий бұл елдің болашағына күмәнмен қарайды.

Оның айтуынша, рубль құнының құлдырап бара жатқанын ескерсек, Мәскеудің бұл оқшаулану саясаты ақыр соңында елді құрдымға кетіруі ықтимал.

Максим Франк-Каменецкий (1941 ж.т.) — совет ядролық қаруын жасаушылардың бірі, белгілі физик Давид Франк-Каменецкийдің (1910–1970) ұлы. Физика-математика ғылымының докторы. Ғылыми-танымдық «Ең басты молекула» кітабының авторы. Америкаға көшкенге дейін Мәскеу физика-техникалық университетінің молекулярлы биофизика кафедрасын басқарған. 1993 жылдан бері – Бостон университетінің профессоры.

 

Дмитрий Волчек пен Клэр Бигтің материалын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей.

azattyq.org

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Барак Обамамен телефон арқылы сөйлесті
Next Article Microsoft: Windows 10 операциялық жүйенің алдыңғы нұсқаларын пайдаланушыларға тегін болады

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.