Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Фоторепортаж»Алматыда жүргізілген қазба жұмыстарында бірегей артефакттер табылды
Фоторепортаж

Алматыда жүргізілген қазба жұмыстарында бірегей артефакттер табылды

22/01/20150

Алматыда жүргізілген қазба жұмыстарында бірегей артефакттер табылды

Алматы қаласы тарихы музейінің экспедициясы «Көк-қайнар» қорған қорымын қазғанда бірегей тарихи артефакттерді тапты.

Жуық арада Алматы қаласы тарихы музейінің қызметкерлері біздің веб-порталымыздың редакциясына сирек кездесетін археологиялық олжалар жайында ақпаратты жеткізді. Экспедиция Алматықаласы Мәдениет басқармасының тапсырысына сәйкес жұмыс істеген.

Өткен жылдың қараша айында Алматы қаласы тарихы музейінің қызметкерлерінен құралған зерттеу тобы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Көкқайнар ықшам ауданында орналасқан, Көк-қайнар қорымында жүргізілген қазба жұмыстары барысында бірегей тарихи артефакттерді тапқанымен, сирек кездесетін құнды олжалар туралы мәлімет енді ғана белгілі болып отыр.

Хабарламада көрсетілгендей, табылған олжалардың арасында алтыннан жасалған мысық тұқымдас жыртқыш аңның мүсіні де бар. Сирек кездесетін бұл олжа, № 2 Көк-қайнар қорған қорымынан қазып алынды. Алтыннан жасалған шағын ғана бұйым (оның ұзындығы – 3,3 см, ал биіктігі – 2 см) екі қалыпта құйылған тілімшіден жасалған.Тілімшілер өзара байланыстырылып жымдастырылған. Олжаны тапқан зерттеушілер артефактіні шартты түрде «ойнақтаған мысықтың баласы» деп атады: жыртқыштың алдыңғы аяқтарыныңтабандары созылыңқы орналасқан, ал денесі иілген, құйрығы дөңгелек тәрізді етіп сомдалған. Музей қызметкерлері аталған мүсінді тылсымға толы бас киім композициясының бір бөлігі болуы мүмкін деп жорамалдап отыр. Жыртқыш мүсін біздің заманымызға дейінгі IV ғасырларға жатады.

 

dea5a7dcecc26e534d3ae71b1d22f341.jpg

 

 Көк-қайнар қорымынан табылған «ойнақтаған мысықтың баласы»

Бұдан бөлек табылған сирек кездесетін олжаның бірі,  құс бейнесі бар жалпақ тілік, № 2 Көк-қайнар қорымынан табылды. Бұйымның: биіктігі – 2,2 см, ені – 1,8 см. Зерттеушілер нақтылап көрсеткендей, ертедәуірдеөмір сүрген шебер, жыртқыш құс мүсінін сомдаған. Құстың  басы сол жаққа бұрылған, тұмсығы үлкен, қанаттарының құлашы кең жайылған. Ол геральдикалық рәміз ретінде пайдаланылса керек. Құс бейнесі бар жалпақ тілік біздің заманымызға дейінгіIV ғасырға жатады деп жобалануда.

 

68b6e3e119363d6224aba08087a23869.jpg

 

Құс бейнелі алтын жалпақ тілік

Үшінші табылғаг артефакттің бірі – № 1 Көк-қайнар қорымынан табылған қола айна. Ол біздің заманымызға дейінгіII-I ғасырларға жатады. Табылған айнаның диаметрі – 15 см, ал айна тұтқасының ұзындығы – 8 см. Айнаның пішінідөңгелек, ал осы дөңгелек жиегінің ені — 2 см, бетінде шығыңқы жері бар. Айнаның дискісі мен жиегі бір-біріне дәнекерленген.

 

f51be6957deacc425c64136773412c93.jpg

 

Қола айна

Бүгінде сирек кездесетін олжалар Алматы қаласы тарихы музейінде сақтаулы тұр.

«Қазақстан тарихы» веб-порталы

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleMicrosoft: Windows 10 операциялық жүйенің алдыңғы нұсқаларын пайдаланушыларға тегін болады
Next Article Қытай Алтай қазақтары медицинасы мен ат спортын тізімге алды

Оқи отырыңыз...

Сайлау және марафон

26/04/20152

Алматыда Данияр Кесікбаев пен Нуриана Наджаваның үйлену тойы өтті (фото)

19/04/20151

Қазақстанда құны $10 млн болатын мешіт ашылады (ФОТО)

15/04/20151
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.