Қазақтың шертпе күй мектебінің негізін қалаушы, қаратаулық күй дәстүрінің шырақшысы, ғасырымыздың күй-шежіресі, Сүгірдің төл шәкірті — Файзолла Үрмізов ақсақал дүниеден озды -деп хабардар етті Жанғали Жүзбай өзінің facebook парақшасында .
Ұлы ханның ұрпағы
Тарихта Абылайдың 30 ұлы, 40 қызы болғандығы белгілі. Кенесары ханның Әбубәкір деген баласынан тарайтын белгілі күйші Файзолла Үрмізов ақсақал 30 ұлды былайша таратады.
1. Сайман ханымнан: Уәли, Шыңғыс, Әділ, Есім атты төрт ұл.
2. Бабақ ханымнан: Шеген, Үрістем, Оспан, Сыздық, Әбітай, Әбдолла атты алты ұл.
3. Бопыш ханымнан: Тоқ, Қосым, Арық атты үш ұл.
4. Хоша ханымнан: Қасым, Қамбар атты екі ұл.
5. Тоқта ханымнан: Сығай, Сүйік, Тағай атты үш ұл.
6. Өріс ханымнан: Шама, Байыр атты екі ұл.
7. Түлек ханымнан: Шағатай, Дәуім, Бәшен атты үш ұл.
8. Топыш ханымнан: Қара, Есен атты екі ұл.
9. Сайын ханымнан: Жанатай атты бір ұл.
10. Шаған ханымнан: Мақан, Маймақ атты екі ұл.
11. Мақтұм ханымнан: Самырат, Мұсахан атты
екі ұл тараған.
kerey.kz порталыда өз ұжымы атынан көңіл айтады. Жаныңыз жанатта болсын!




