Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Қытайларға Украинадан қалыңдық іздеуді ұсынады
Жаңалықтар

Қытайларға Украинадан қалыңдық іздеуді ұсынады

31/01/20150
Қытайларға Украинадан қалыңдық іздеуді ұсынады

 Пекин Қытайдың бойдақ жігіттеріне қалыңдықты шетелден, оның ішінде Украинадан іздеуді ұсынып, әйел тапшылығы проблемасын шешуге тырысып отыр.

Қытайларға Украинадан қалыңдық іздеуді ұсынады

Қаңтардың 30-ында Австралияның News.com сайты «Ол сені ұнатпайды: әйел заты тапшы Қытай бойдақтарының дағдарысы» аттымақаласында 2014 жылдың аяғындағы есеп бойынша, Қытайда ер адамдарға қарағанда әйелдер 34 миллионға аз болғанын хабарлады. Сайттың жазуынша, Қытайда әр 100 әйелге 120 ер адамнан келеді әрі әйел тапшылығы проблемасы жыл өткен сайын ушығып барады. Сайт дерегінше, жеті жылдан кейін Қытайда жұп таба алмаған ер адамдар саны 12-15 пайызға жетіп, бала-шағасы жоқ, қамқорлыққа зәру қарт адамдар саны көбейеді.

Қытайдағы әйел тапшылығының негізгі себебі – 1978 жылы енгізілген «бір отбасы – бір бала» саясаты. Бұл саясаттың салдарынан қыз баладан бас тарту немесе болашақ нәрестенің қыз болатынын алдын ала білсе, жасанды түсік жасату арқылы ұлды болғысы келетін ерлі-зайыптылар көбейген. Австралия сайтының жазуынша, 1995 жылдан бастап Қытай дәрігерлеріне құрсақтағы баланың жынысын анықтауға тыйым салынған, бірақ ерлі-зайыпты жұптар тесті заңсыз немесе шетелде жасатады.

ШЕТЕЛДЕН ҚАЛЫҢДЫҚ ІЗДЕУ

Қытай билігі әйел тапшылығы дағдарысын кез келген жолмен шешуге тырысып отыр. Жуырда Қытайдың мемлекеттік Beijing News жаңалықтар агенттігі Қытай бойдақтарына жұп табуға болатын елдер тізімін ұсынып, арнайы бағдарлама шығарды. Қытайлық күйеу жігіттерге ұсынылған елдердің ішінде Жапония, Оңтүстік Корея елдерімен бірге Украина да бар. Американың Foreign Policy журналы бұл туралы қаңтардың 28-і күні «Қытай ақпарат құралдарының болжамынша, Қытайдың гендерлік дисбаланс проблемасын украиналық қалыңдықтар шешуі мүмкін» деген мақаласында жазады.

Донецк қаласының орталығында баррикада жанында сүйісіп тұрған жас жұбайлар. 2 мамыр 2014 жыл.
Донецк қаласының орталығында баррикада жанында сүйісіп тұрған жас жұбайлар. 2 мамыр 2014 жыл.

Қытайдың жаңалықтар және мәдениет тақырыбында шығатын СhinaTopix онлайн-журналы қаңтардың 30-ы күні жариялаған «Қытай бойдақтары үшін Пекин Украинадан қалыңдық іздей бастады» деген мақаласында украиналық қыз-келіншектер Азия жігіттеріне мүмкіндік беруі ықтимал деп жазады. Өйткені қазір Ресеймен арадағы шиеленіске байланысты Украинадағы жағдай нашарлап, ал Қытай жігіттері «өркендеп» барады.

СhinaTopix журналы «Украина қыз-келіншектері Қытай жігіттерінің талғамына сай келеді» деп жазады. Мақала авторының жазуынша, Украина мен Ресей арасындағы жанжалға қатысты 2014 жылдың наурызында өткен баспасөз жиынында жұртқа танылған Қырымның өрімдей жас әрі тартымды прокуроры Наталья Поклонскаяға кезінде Азия жігіттерінің көзі түсіпті.

azattyq.org

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚАЗАҚТАРДЫҢ БАТЫС МОҢҒОЛИЯҒА ҚОНЫСТАНУЫ
Next Article 2015: ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ МАҢЫЗДЫ ОН ОҚИҒА

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.