
2001 жылғы 11 қыркүйектегі терактіде ұшақтардың бірін айдап әкетті деп сотталған Закариус Муссауи террорлық шабуылды ұйымдастырған «әл-Қаида» ұйымын Сауд Арабиясы королінің әулеті тікелей қолдап отырғанын мәлімдеді. Муссауидың мәлімдемесін теракт құрбандарының адвокаттары Манхэттен федералдық сотына жіберді. Адвокаттар Сауд Арабиясын «әл-Қаидаға» болысты деп айыптайды.
Сауд Арабиясының Вашингтондағы елшілігі айыптауға қатысты жасаған мәлімдемесінде Муссауидің айтқанын «психологиялық күйзелісіне ұшыраған қылмыскердің сөзі және ешқандай дәлелі жоқ» деді.
Сауд Арабиясы билігі тергеу нәтижесінде «үкіметтің я шенеуніктердің терактіге қатысы бары» анықталмады дейді.
46 жастағы Муссауи — Франция азаматы. Ол 2005 жылы өзіне тағылған терроризм айыбын мойындап, өмір бойы бас бостандығынан айырылған. Муссауи жазасын АҚШ-тың Колорадо штатында ерекші күзетілетін түрмеде өтеп жатыр.
azattyq.org


