Астана қаласындағы 19132 әскери бөлімінің базасында Әскери-әуе күштерінің жас офицерлері лейтенант Қанатбек Асқарбекұлы мен лейтенант Дмитрий Конев тұңғыш рет ұшқыш-штурман ретінде Ми-17В-5 әскери көліктік тікұшағының штурвалын ұстады. Лейтенанттар 2014 жылдың күзінде Ақтөбе қаласындағы ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтын «әскери авиацияның командалық тактикалық» мамандығы бойынша тамамдап, әскери авиацияның эскадрильясына ұшқыш лауазымына тағайындалған болатын. Екеуі барлық осы әскери оқу орнын бітірушілер арасында алғашқы болып алған білімдері мен іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік алды. Олар қысқа мерзім ішінде сынақтар мен жер үсті тәжірибесін тәмамдап әскери бөлім құрамында ұшуға кірісті. «Авиация базасының қолбасшылығы осы түлектерімізге үлкен үміт артамыз және осы ұшулары естерінде көптеген жылдарға қалып, авиация саласындағы қызмет жолдарының жақсы бастамасы болады деген сенімдеміз. Барлығы өздерінің талпыныстары мен қажыр-қайратына байланысты », — деді 19132 әскери бөлімінің командирі полковник Марал Кәрімов. Ұшқыштардың қызметі лейтенанттар институт қабырғасында оқыған теориялық білімнен айрмашылығы үлкен екендігін айта кеткен жөн. Оқу-жаттығу ұшулары кезінде жас лейтенанттар тәжірибелі нұсқаушы ұшқыштар, командирлер, тәлімгерлер жетекшілігімен ұшқыш мамандығының қыр-сырын меңгереді. Жауынгерлік даярлық бойынша бағдарламамен толықтай танысқаннан кейін жас ұшқыштар экипаждың толыққанды мүшесі атанып, күндіз және түнгі уақытта экипаж құрамында түрді тапсырмаларды орындауға кіріседі.


