Бүгіннен бастап Түркістандағы «Тайқазанның» қазақ даласына «сапары» атты эстафета басталды. Эстафетаны тапсыру рәсімі кезінде Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков Тайқазанды салтанатты жағдайда Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагинге табыс етті.
Астана қаласынан сапарын бастайтын Тайқазынымыз Ақмола облысы өңірінен бастап, жыл бойы барлық облыс орталықтарын аралап шығатын болады.


