«Астана арландары» Қарағандыда «АҚШ нокаутшыларымен» жекпе-жек өткізді.
52 келі салмақта жұдырықтасқан Мирас Жакупов, Венегас Брент Ричард ІІІ жеңді. Төрешілердің берген есептері бойынша 49:46, 49:46, 49:46. Қос боксшы ашық жұдырықтасуды көрсетті.
60 келіде жарақатынан бір жыл демалыс алған Ержан Мүсәпіров шықты. Оған қарсы Монтгомери Малиек Доннэл жұдырықтасқан. Мүсәпіров өз қарсыласын 2:1 (48:47, 47:48, 48:47) жеңіп кетті.
81 келі салмақта бокстасқан Хрвое Сеп қарсыласы Сти Нельсонді айқын басымдылықпен жеңді. Төрешілер бар басымдылықты Сепке берді, 3:0 (50:44, 50:45, 48:47).
69 келідегі Асланбек Шымбергенов 2:1 есебімен Брайан Цебаллоны жеңді. Асланбектің бұл «Арландардағы» алғашқы жекпе-жегі болатын
Ауыр салмақта жұдырықтасқан Филипп Хрогвич қарсыласы Брэндон Глэнтонды техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
«Астана арландары» «АҚШ нокаутшыларын» 5:0 нәтижесімен жеңді. «В» тобында «Арландар» көшбастап тұр.
«Астана арландары» өткен кездесулерінде «Баку оттарын» 2:3 есбімен жеңген.
«Арландар» келесі жекпе-жегін «Пуэрто-Рико дауылдарымен»14 ақпанда Қарағандыда өткізеді.
alaman.kz



