
Астана. 3 қыркүйек. ҚазТАГ — 6-8 қыркүйекте Қазақстанға мемлекеттік сапармен Қытай төрағасы Си Цзиньпин келеді. Ол осы қызметіне 2013 жылы наурызда кіріскен. 2012 жыл қорытындысы бойынша Қазақстан мен ҚХР арасындағы сауда айналымы 12,5% артып, $24 млрд. болды.
Ол өзінің Орталық Азияға жасайтын турне қарсаңында және Санк-Петербордағы G20 саммитіне қатысу қарсаңында ҚазТАГ агенттігіне сұхбат берді.
— Сіз қазақстан-қытай қарым қатынасын қалай бағалайсыз, Сіз осы қарым қатынастан не күтесіз?
— Қытай мен Қазақстан — тату көршілер және стратегиялық серіктестер. Дипломатиялық қарым-қатынас орныққан 21 жылдан бері екіжақты қарым-қатынас шапшаң дамып келеді. Біз үшін өзара қарым-қатынасты дамыту сыртқы саясаттағы басымдық. Қазақстан-қытай қарым қатынасы қазір бұрын болмаған биіктікке шықты деп айтуға болады, және екі елдің жан-жақты стратегиялық қарым-қатынасының дамуы теңдесі жоқ мүмкіндік ашады.
— Екі елдің өзара сауда көлемін арттыру туралы алдарына қойған мақсаты қалай іске асырылады? Сіз экономиканың шикізаттық емес саласындағы ынтымақтастықты қалай өрбиді деп ойлайсыз?
— Қытай Қазақстанның аса ірі сауда серіктесі, өз кезегінде, Қазақстан Қытайдың сауда серіктестерінен ТМД елдерінің ішіндегі екінші орында. Екі мемлекет өзара сауда көлемін 2015 жылға қарай $40 млрд-қа жеткізу жөнінде мақсат қойып отыр.
Бұл мақсатты іске асыру, әрине, бірлескен күш-жігерді қажет етеді. Біз өзара тиімді тұрғыдан жұмысты жалғастыра беруіміз керек, мұнайгаз саласындағы оңтайлы серпінді сақтап және соның негізінде ауыл шаруашылығы, көлік, жоғарғы технология, телекоммуникация мен химия өнеркәсібі сынды шикізаттық емес секторлардағы өзара ықпалдастықтың әлеуетін айқындаумыз керек.
Сонымен қатар гуманитарлық өңіраралық алмасуларды жандандыру да маңызды, нақты басымдықтары айқын барлық бағытта дамып отыратын өзара ықпалдастықтың құрылымын қалыптастыру маңызды.
Қытай мен Қазақстан ынтымақтастығы екі ел халқының игілігіне жаңа белестерге көтеріле беретініне сенімдімін.
— Жақында «жиырмалық тобының» 8-саммиті Ресейде Санкт-Петерборда өтеді. Қытай ол саммиттен не күтеді?
— Бұл әлемнің белді экономикаларының жетекшілерінің маңызды кездесуі болады. Әсіресе қаржылық дағдарыстың жаңа терең салдары байқалып отырғанда. Қытай тарабы петерборлық саммиттің басты тақырыбы экономикалық өсімді ынталандырып, жаңа жұмыс орнын ашу болатынын қолдайды.
Біріншіден, бірлескен тыңғылықты макроэкономикалық саясат жүргізу қажет. Ең алдымен ұлттық экономикадағы елеулі проблемалардың туындауына жол бермеу керек, бұл ретте белсенді құрылымдық өзгертулер арқылы экономиканың бәсекелестігін арттыра беруіміз керек. Барлық тарап ортақ күш-жігермен әлем экономикасындағы елеулі қауіп-қатерлерге қарсы тұрулары тиіс.
Екіншіден, әлемдік ашық экономиканы қолдап және дамыта беру керек. Әлемнің барлық елдері протекционизмнің барлық көріністеріне қарсы шығып, келіссөздердің Доха раундының алдын-ала нәтижелеріне қол жеткізуге септігін тигізіп, еркін, ашық, және дискриминациялық емес жан-жақты сауда жүйесін қорғау керек. Экономикалардың интеграциясын нығайту керек, жаһандық нарықтың сегменттенуіне және сауда жүйесінің ыдырауына жол бермеу керек, өзара тиімді дамуға және жаппай пайда табуға ұмтылуымыз керек.
Үшіншіден, «жиырмалық тобының» күш-жігері, біздіңше, нарығы қалыптасып келе жатқан және дамушы мемлекеттер даусының құқығы мен өкілеттігін арттыруға шоғырлануы тиіс. Ең алдымен, жақын аралықта квота мен басқару реформасын аяқтау керек, оның ішінде ХВҚ квоталарын бөлу формуласын қайта қарау керек және квоталарды кезекті қайта қарау раундын 2014 жылғы қаңтарда өткізу, ал 2015 жылы –қарыз алу арнайы құқығының валюталық себетін қайта қарауды бекітілген мерзімде өткізу керек.
Төртіншіден, дамушы елдер үшін даму бойынша серіктес болу керек.
— Сіздің ойыңызша, қытай экономикасының даму келешегі қаншалықты? Экономика өсімін арттыру үшін Қытайдан әлі де жаңа тұрақтандырушы іс-шараларын күтуге бола ма?
— Қытай экономикасындағы жағдай жалпы алғанда жақсы: ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында ІЖӨ өсімі 7,6%-ды құраған. Бұндай деңгей әлемнің басқа елдерімен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Егер біз дамудың бұрынғы формаларын жалғастыра бергенде, бұдан да жоғары өсімге қол жеткізетін едік. Дегенмен, біз экономикалық қайта құрылымдауды өткізу, экономика дамыту формасын транформациялау мен жетілдірудің ілгерілетуін нық және өзгеріссіз деп макроэкономикалық саясатты таңдап алдық. Біз экономика мәселесін тамырымен шешу үшін ұзақ мерзімді келешек көзқарасы тұрғысынан өсім қарқынын төмендетуге саналы түрде бардық. Сондықтан да қазіргі өсім қарқыны пайдалы түзетімнің нәтижесі болып табылады.
Нақтырақ айтқанда, 7,6% өсімнің 7,5%-ы ішкі сұранысқа келеді, ағымдағы есептер бойынша қалыпты сальдо көпшілік мойындаған рационалды диапазонда сақталуда. Сонымен бірге бізде әлеуметтік қамту, жұмысқа орналастыру саясаты мәселелеріне назар аударылады, соның нәтижесінде бірінші жартыжылдықта 7 млн 250 мың жұмыс орны құрылды. Шынын айтсақ, бұнда біз жергілікті биліктің қарыздануы, жекелеген салалардағы шығынды өндірістік т.б. сияқты кейбір қиындықтарға соқтығамыз. Бірақ бұл мәселелердің барлығы бақылау шеңберіне алынған, және біз оны толық шеше аламыз.
Қытай — экономика көлемі жағынан әлемдегі екінші ел. Біз экономика дамуын тұрақты және пайдалы қамтамасыз ету, әлем елдері үшін ауқымды нарық пен даму кеңістігін қалыптастыру үшін, және де әлемдік экономиканың дамуына үлкен пайда әкелу үшін тиісті жағдайларға иеміз.
— Жақында Бішкекте ШЫҰ МБК 13-отырысы өтеді. Сіз саммиттен не күтесіз? Қандай бастамаларды алға тартатын боласыз?
— Бішкек ШЫҰ саммиті халықаралық және өңірлік жағдайда жаңа өзгерістер орын алған уақытта өткелі отыр. Біріншісі, бұл — әлемдік экономиканы тереңірек реттеу, Солтүстік Африка және Таяу Шығыс өңірлеріндегі тиылмай отырған қозғалыстар, ауған проблематикасы төңірегіндегі жаңа ауыр жағдай — бұның барлығы өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылық, сондай-ақ ШЫҰ ынтымақтастығы мен дамуына деген жаңа сын болып табылады.
Басқа жағынан алғанда, қалыптасып жатқан нарығы бар экономикалар қызметтестіктің терең даму потенциалы мен кеңірек перспективаларды көрсете алады, бұлар ШЫҰ-ға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Екіншісі — саммит ШЫҚ мүше мемлекеттердің достығы мен ынтымақтастығы, ұзақ мерзімдік тату көршілік туралы келісім ресми түрде күшіне енгеннен кейін өтіп отырғандығы. Ол ынтымақтастық деңгейінің көтерілуіне, әр түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру қабілетін арттыруға, сондай-ақ өңірді ұзақ мерзімге бейбіт және бірлескен гүлдену өңіріне айналдыруды жеделдетуге жаңа серпін береді. Саммитте жағдайдағы барлық өзгерістерді есепке ала отырып, алдағы кезеңге Ұйымның жоспарын анықтау жоспарланған.
Мен ШЫҰ ілгері дамуы үшін Шанхайлық өзара сенімділік, өзара пайдалылық, теңдік, кеңесу, өркениет әркелкілігіне деген сыйластық пен бірлесіп дамуға деген талап рухын басшылыққа алу маңызды деп ойлаймын.
Алдағы саммитте осы және басқа да мәселелер бойынша мен қытайлық тараптың ойы мен жорамалын айтатын боламын, өзге әріптестердің де пікірлерін тыңдауға даярмын. Қатысушы-мемлекеттердің біріккен күшінің арқасында саммит Ұйымның жаңа дамуына бет алатындай күтілген нәтижелеріне жетеді деп сенемін.
— Сұхбатыңызға рахмет!
kaztag.info


