Палестинаның азаттығы үшін күрескер Ясыр Арафат 2004 жылы 11 қазанда 75 жасында Париж қаласындағы әскери гостипалда көз жұмған еді. Бұл қайраткердің ажалы жайлы жақында швейцариялық мамандар жаңа дерек жариялады. Яғни, Лозанна қаласындағы ядро физика институтының мамандары Арафат марқұм қолданған заттар мен киім-кешекті зерттеу кезінде жаңа дерек анықтаған.
Олардың тұспалы бойынша Арафат полони-210 дейтін аса улы химиялық элементтің әсерінен өлген. Институт басшысы Франсуа Бошудың (Francois Bochud) айтуына қарағанда, Арафат қолданған тіс шөткесінен 54 мБк (миллибеккерель), іш киімінен 180 мБк көлемінде улы заттың ізі табылған. Бұл дүниелерді зерттеуге жіберген қайраткердің қазіргі жесірі.
Бұл ақпарат Катардың «Әл-Жазира» телеканалы арқылы әлемге жарияланды. ХАМАС тобы бұл іске байланысты тергеу-тексеру жұмысын жалғастыруды ұсынуда. Палестинаның қазіргі басшысы Махмуд Аббас тиісті мекемелерге қайраткер жерленген жердің топырағын зерттеп көріп, анық-қанығына көз жеткіземіз деп отыр.
Егер Арафатқа қастандық жасалғаны анықталатын болса, таяу шығыста тағы бір дүрбелең басталуы мүмкін.
namys.kz



