Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Елбасы «Назарбаев Университет» Автономды білім беру ұйымының зерттеу орталықтары мен NURIS пилоттық технопаркін аралап көрді
Жаңалықтар

Елбасы «Назарбаев Университет» Автономды білім беру ұйымының зерттеу орталықтары мен NURIS пилоттық технопаркін аралап көрді

03/03/20152
Елбасы «Назарбаев Университет» Автономды білім беру ұйымының зерттеу орталықтары мен NURIS пилоттық технопаркін аралап көрді

Елбасы «Назарбаев Университет» Автономды білім беру ұйымының зерттеу орталықтары мен NURIS пилоттық технопаркін аралап көрді  Нысанды аралау барысында Мемлекет басшысы елеулі жетістіктермен және университетте жүзеге асырылып жатқан ғылыми-инновациялық қызметтің нәтижелерімен танысты-деп хабарлайды президент баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаевқа  геномдық зертхана және персоналды медицина жұмысы көрсетілді. Қазақстан Президенті сондай-ақ биосенсорлар мен биоқұралдар, ағысты цитометриялар,  иммунобиология және микроскопия зертханаларын аралап көрді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы NURIS технопаркінде университеттің оқытушылары мен студенттері әзірлеген жоғары технологиялы жобаларымен танысты.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев ғылыми қызметкерлердің атқарған жұмысына жоғары баға берді. Қазақстан Президенті сондай-ақ «NURIS» және Өмір туралы ғылымдар орталығы ғалымдарының ғылыми зерттеулерінің нәтижелері еліміздің игілігіне, оның дамуы мен халқын сауықтыру үшін тиімді пайдаланылуы тиіс екенін атап өтті.

Бүгінде Назарбаев Университетінде оқу орнының академиялық бөлігін, ғылыми орталықтарды және NURIS ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру жүйесін  біріктіретін зияткерлік-инновациялық кластер жүзеге асырылуда.

Университет базасында үш ғылыми орталық құрылған: Энергетикалық зерттеулер орталығы, Пәнаралық орталық және Өмір туралы ғылымдар орталығы, оларда мектеп профессорлары және 160-тан астам ғылыми қызметкерлер жұмыс істейді. Олардың көпшілігі шетелдік үздік университеттерде білім алған. Арасында халықаралық деңгейдегі жетекші ғалымдар мен шет елдерден оралған қазақстандық зерттеушілер де бар.

Ғылыми орталықтарда энергетика, машина жасау, шикізатты терең өңдеу, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, өмір туралы ғылым сияқты ел үшін басымдығы бар бағыттар бойынша зерттеулер жүргізіледі. Мәселен, болашақтың энергиясын дамыту жобалары үшін әлемге әйгілі ғалым-астрофизик, космолог, Нобель сыйлығының лауреаты Д.Смут шақырылған.

Университеттің ғылыми орталықтары өз бағдарламаларын АҚШ-тың, Еуропаның, Жапонияның  танымал ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастықта жүзеге асырады. Университетте барлығы 170 ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар іскер асырылуда, оларға студенттер де белсене қатысады.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleӘскери қызметшілер жауынгерлік атысқа жаңа тәсіл енгізді
Next Article «Ер Жәнібек батыр» атындағы мешіт құрылысы басталады

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.