Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Елбасы Қазақстанның әйелдер қауымы өкілдерімен «Көктем шуағы» атты кездесу өткізді
Жаңалықтар

Елбасы Қазақстанның әйелдер қауымы өкілдерімен «Көктем шуағы» атты кездесу өткізді

06/03/20152

 

Кездесуге еліміздің барлық өңірлерінен келген, экономиканың түрлі секторларында, мәдени-әлеуметтік салаларда және мемлекеттік қызметте істейтін әйел жұртының өкілдері қатысты-деп хабарлайды президент баспа сөз қызметі.

Мемлекет басшысы оларды келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, Қазақстанның барша әйелдер қауымына бақыт, денсаулық және бақ-береке тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі әйелдердің әл-ауқатын жақсарту екенін атап өтті.

– Тәуелсіздік жылдарында біз көп нәрсені еңсердік. Қазір елімізде береке мен тыныштық орнады. «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «Нұрлы жол» және басқа барлық бағдарламалар осыны көздейді. Әйелдер, отбасын сақтаушы ретінде бақ-берекені ең алдымен балаларынан, дастарқанынан сезінеді, сол арқылы мемлекеттің қамқорлығын сезінеді», – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы елдегі әйелдер қауымы өкілдерінің белсенділігі артып келе жатқанына тоқталды.

– Бүгінде мемлекеттік қызметтегі қызметкерлердің басым бөлігін әйелдер құрайды. Денсаулық сақтау саласында олардың үлесі 75 пайызға, білім беру саласында 65 пайызға дейін жетеді. Бизнестегі басшылардың да 40 пайызы нәзік жанды арулар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті туу деңгейінің өсуі жалғасып келе жатқанына, тек былтырдың өзінде дүниеге 400 мың сәби келгеніне назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев биыл ел тәуелсіздігіне 24  жыл толатынын еске салды.

– Бұл уақыт қас қағымда өте шықты, себебі бәріміздің назарымыз жұмыста болды. Бүгін соның нәтижесін көріп отырмыз –  біз құрған мемлекетті бүкіл әлем таниды, құрметтейді, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы елдегі тұрақтылықтың арқасында экономикамыз қарқынды дамып келе жатқанын айтты.

– Бүгінде жер бетінде, БҰҰ мәліметі бойынша, 800 миллион адам аштықтан жапа шегуде. Жыл сайын азық тапшылығының кесірінен 6 миллион бала, 30 миллион ересек адам өледі. 400 миллион адам ауыз суға зәрулік зардабын тартады. Жыл сайын планетамызда 30 әскери қақтығыс болып, соның салдарынан сағат сайын 40 адам қаза табады. Сондықтан, елдің ішкі тұрақтылығын көздің қарашығындай қорғауға тиіспіз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Мемлекет басшысы көп балалы аналарды – М.Аксиеваны Алтын алқамен және А.Жұмабаеваны Күміс алқамен марапаттады.

Кездесуге Мемлекеттік хатшы, Президенті жанындағы әйелдері ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрайымы Г.Әбдіқалықова, Парламент Мәжілісінің депутаты Г.Қарағұсова, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі  Т.Дүйсенова, Парламент Мәжілісінің депутаты И.Аронова, Семей қаласының инновациялық гуманитарлық-заң университетінің ректоры Ш.Құрманбаева, «Қазақ аруы-2014» республикалық арулар байқауының жеңімпазы Г.Жоланова, әртіс Б.Сүйіншәлина, «Астана Опера» МОБТ балет әртісі С.Суногава, теннисші З.Дияс, «Планета патшайымы-2014» атағының иегері А.Жұмабаева, бокстан әлем чемпионы Н.Қызайбай, «Қазақстан» РТРК балаларға арналған «Балапан» телеарнасының директоры Л.Сұлтанқызы, волейболшы С.Алтынбекова, танымал «Татьяналар триосының» қатысушылары Т.Бурмистрова, Т.Полтавская және Т.Мартыненко, «Turkvizion-2014» ІІ халықаралық ән конкурсының жеңімпазы Ж.Доғалова, көп балалы ана М.Аксиева, Қазақстан жастарының арасында «жасыл бастамаларды» ілгерілету бастамашысы  Т.Немцан, әскери қызметші Д.Рысбекова, профессор, Қазақстан инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі Қ.Аққошқарова, «Astana Solar» фотоэлектрлік модульдер құрастыру зауытының технигі  А.Тащанова, жеке кәсіпкер А.Құрмашова, Қостанай облысынан аудандық аурухананың бас дәрігері Л.Финк, Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының доценті Д.Сиваракша, «Астана Опера» МОБТ жетекші солисі С.Ахметова қатысты.

Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысына ана мен балаға қамқорлық жасауға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған саясат жүргізіп отырғаны үшін алғыстарын айтты. Сонымен қатар халықтың және әрбір қазақстандық отбасының әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруды әрі қарай жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАйдос САРЫМ: «Бұлардың түпкі ойы ИГИЛ сияқты халифат орнату»
Next Article Назарбаев Сабина Алтынбековаға ерлердің мақтауына сенбеуді ескертті

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.