Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Түркияда Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған конференция өтті
Жаңалықтар

Түркияда Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған конференция өтті

11/03/20150

 

Анкараның «Хажеттепе» университетінде Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің қолдауымен «Қазақстан және Қазақ хандығының 550-жылдығы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп, оған «Хажетепе» университетінің ректоры Мурат Тунжер, ҚР-ның ТР-дағы Елшісі Жансейіт Түймебаев, Қ.А. Яссауи атындағы Қазақ-Түрік халықаралық университетінің Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Осман Хората, Түркі академиясының президенті Дархан Қыдыралы, Түркітілдес мемлекеттері Ақсақалдары кеңесінің мүшесі және ҚР Парламенті Сенатының экс-депутаты Әділ Ахметов, Анкара дипломатиялық корпусының өкілдері, Түркияның әйгілі академиялық және қоғамдық-саяси қайраткерлері қатысты-деп хабарлайды СІМ баспа сөз қызметі.

Ж. Түймебаев Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған іс-шараны ұйымдастырғаны үшін «Хажетепе» университетінің басшылығына алғысын білдірді. Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында Қазақ хандығының 550 жылдығын 2015 жылы атап өту туралы ұсынысы осы тарихи оқиға айналасында біраз қызығушылық тудырып, тек Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де қоғамдық резонансқа септігін тигізгенін атап өтті.

«Хажетепе» университетінің ректоры конференцияны ашу рәсмінде сөз сөйлеп, Қазақстан Түркия үшін стратегиялық серіктес мемлекет екенін атап өтіп, екі ел арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты белсенді жалғастыруға әзір екенін білдірді.

«Бұл оқиға тек Қазақстан халқы үшін ғана емес, жалпы түркі әлемі үшін ерекше іс-шара екен деп білемін. 550-жылдық – өткен заманның санағы ғана емес, еңсеруді қажет ететін болашақ белес. Бұл – ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру мүмкіндікдіктерінің бірі», — деп айтты М. Тунжер.

О. Хората түркітілдес мемлекеттердің тарихы және мәдени дәстүрін зерттеуде ортақ күш-жігердің қажеттілігін атап өтті. Осыған орай, Қазақ хандығының 550-жылдығын атап өту іс-шарасы мемлекет қалыптасуының терең тамырларын мойындатқызып, бауырлас Қазақстан жерінде мемлекеттіліктің тарихи дәлелін келтіретін болады.

«Қазақ даласы мыңдаған жылдар бойы түрлі өркениеттердің тоғысқан, ұлы көштердің өткен жері болатын. Бұл жерде еуразиялық даланың ұлы аймақтары игеріліп, материалдық және рухани мәдениеттері жаратылды. Қазіргі таңда аталған мәдениетінің жетістіктері бүкіл әлемде мойындалуда», — деп О. Хората мәлім етті.

Конференция барысында «Түркі тарихындағы Қазақ хандығының рөлі», «Қазақ тілі және түркі тілдердің дамуы», «Қазақ хандығы тарихын зерттеу жөніндегі жаңа деректер» және т.б. секциялық отырыстар ұйымдастырылды.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleБас мүфти көңіл айту жеделхатын жолдады
Next Article Төңкерілген ту үшін университетті «төңкерген» қыз

Оқи отырыңыз...

Нұралы батыр 1730 –1794

19/11/20263

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.