Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»«Құнанбай» фильмі осы көктемде көрерменге жол тартады
Бейнежазбалар

«Құнанбай» фильмі осы көктемде көрерменге жол тартады

13/03/20150

 

 

«Қазақфильм» киностудиясының қоржыны тағы бір жаңа туындымен толықты. Бұл күндері ұлтымыздың ұлы кемеңгері Абайдың әкесі Құнанбай туралы толық метражды фильм түсіріліп болып, дыбысталып жатыр.

 

«Құнанбай» фильмінің режиссеры әрі басты кейіпкер Құнанбайды ойнаған Қазақстан республикасының халық артисі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Досхан Жолжақсынов. Бұл оның екінші режиссерлық жұмысы. Бұған дейін «Біржан сал» фильмін түсіріп, онда да басты рөлді ойнаған болатын. Фильм сценариін Досхан Жолжақсынов Таласбек Әсемқұловпен бірлесе отырып жазған. Ұлы Абайдың әкесі Құнанбай өз заманының нар тұлғасы. Мінезі қатал, кейде тіпті қатыгез болып танылған ол ұлтының қамын жеп, Қарқаралыға медресе, Меккеге үй салдырған.

Досхан Жолжақсынов, ҚР Халық артісі -Жалпы Құнекеңнің тағдыры қарама-қайшы, сол заманның өзінде соқырішектей бұртиып шығып тұратын тұлға турасында. Дүниеге әкелген бір перзенті Абай арқылы Құнекеңнің өзінің де ойлау үрдісі, іскерлігі, жалпы білімі, сол замаманнан озық тұлға екендігін қадап көрсететін қасиеттерінің бірі. Фильм Құнанбайдың туған жерінде, Шығыс Қазақстан облысында түсірілді. Сол заманның тыныс-тіршілігін көрсету үшін қаншама деректі материалдар жинақталып, тарихи құндылықтар қайта жаңғырды. Табиғат аясына 150 киіз үй тігіліп, фильмде үш жүздің жүйрігі жарысқан бәйге, балуандар күресі, әнші-жыршы, күйшілердің сайысы да көрініс тапқан. Қазір фильмнің дыбысталу жұмысы қызу жүріп жатыр.

Досхан Жолжақсынов, ҚР Халық артісі -Бүгінде біз осы киноға тіл бітіру мерзімінің жартысына таяп қалғандаймыз. Көріп отырсыздар, техникалық үлкен жаңалық, біздің студияда бұрындары тұрып алып, таза қылып жазу үшін оның әр нүктесіне, үтіріне дейін қайталау керек еді. Бүгін ырғағын дұрыстасаң, мына жерде кәдімгі барлығын сәйкес қылып, бір-біріне жақсы жалғап береді. Бұл да біздің киностудиямыздағы үлкен жетістік. Жаңа туынды осы көктемде үлкен экранға шығады деп жоспарланып отыр. Ал алғашқы көрсетілім Құнанбай мен Абайдың туған топырағы Шығыс Қазақстанның Абай ауданында өтпек.

baq.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҰлтының қайсар ұлы Тәшенов Герой Казахской народа — Жумабек Ташенов
Next Article Жойылуға жақын қалған әлемнің 10 халқы (фото)

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201463

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.