16 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды, онда Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жарылқап Сейдләұлы Қалыбайдың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу және оған өз кандидатурасын қолдап қолдар жинау үшін қол қою парақтарын беру туралы қаулы қабылданды.
Ортсайлауком дауыс беруге арналған жәшіктерді пломбалау немесе мөрлеу жөніндегі нұсқаулықты бекітті. Аталған құжат дауыс беру басталғанға дейін отыз минут бұрын учаскелік сайлау комиссиясы жүргізетін жәшіктерді пломбалау немесе мөрлеу рәсімін айқындайды.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі



