Мерзімінен бұрын президент сайлауына өзін-өзі ұсынған Әбілғазы Құсайыновты Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) президент сайлауына кандидат ретінде тіркеді.Орталық сайлау комитетінің хабарлауынша, Құсайынов сайлаушылардан 132 мыңнан аса қол жинаған.
1952 жылы 6 ақпанда Қарағанды облысының Тельман ауданы Майөзек кентінде туған. Қазақ.
Әкесі — Құсайынов Қалиақпар (1905-1989), теміржолда жұмыс істеген. Анасы — Құсайынова Шарбан (1913-1982), үй шаруасымен айналысқан.
Қарағанды тау-кен техникумының тау-кен факультетін (1971) техник-шахта салушы мамандығы бойынша; Қарағанды политехникалық институтының автожол факультетін (1981) инженер-механик мамандығы бойынша; Ресей басқару академиясының саясаттану факультетін (1992) саясаткер (әлеуметтік-саяси мәселелер және байланыс бойынша кеңесші) мамандығы бойынша бітірген.
Орыс және қазақ тілдерін біледі.
КОКП мүшесі (1979-1992).
1971 жылдан — РКФСР Кемеров облысы Шерегеш кенішінің 5-ші разрядтағы үңгілеуші. 1972 жылдын — Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1974 жылдан — «Қарағандыкөмір» бірлестігі «Долинская» шахтасының тау-кен шебері. 1975 жылдан — №2 тау-кен кәсіби техникалық училищесінің шебері, аға шебері (Қарағанды қаласы). 1980 жылдан — Қазақстан Компартиясы Киров аудандық комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, аудандық атқару комитеті төра- ғасының бірінші орынбасары, Қарағанды облыстық комитетінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы. 1991 жылдан — Қарағанды облысы Мемлекеттік баға және монополияға қарсы саясат комитетінің төрағасы. 1996 жылдан — ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі. 1999 жылдың наурызынан — ҚР Парламенті Сенатының төрағасының орынбасары. 1999 жылдың желтоқсанынан — ҚР көлік және коммуникациялар вице-министрі . 2001 жылдан — ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы. 2002 жылдың наурызынан — ҚР экономика және сауда вице-министрі. 2002 жылдың қыркүйегінен — ҚР индустрия және сауда вице-министрі 2003 жылдан — ҚР Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау,метрология және сертификаттау комитетінің төрағасы (2004 жылдан — Техникалық реттеу және метрология комитеті). 2005 жылдан — ҚР көлік және коммуникациялар бірінші вице-министрі. 2007 жылдың қазанынан ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хат шысы.
2009 жылдың наурызынан бері — ҚР көлік және коммуникациялар министрі.
ҚР Парламенті Сенаты 1-ші шақырылымының депутаты (өзін-өзі ұсынушы, 1995-1999).
«Қазтеңізтасымалфлот» ЖАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2000-2001); «Қазақстан темір жолы» ҰК» ЖАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2002-2003); «Қазмырыш» ЛҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2003-2004).
«Құрмет» орденімен (2006); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Тыңға 50 жыл» (2004). «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен; КСРО көмір өнеркәсібі министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған (1985).
Әскери атағы — аға лейтенант.
Діни көзқарасы — қалыпты.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы — Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы — «Гүлденгом мемлекет. Жоғары білімді жас буын. Дамыған көлік инфро құрылымы».
Хоббиі — саясат, саяжайдағы жұмыс.
Сүйіп оқитын әдебиеті —Ғ . Мұстафин, М. Шаханов, Ш. Айтматов, Мұхтар Омарханұлы Әуезов, Сәбит Мұқанұлы Мұқанов.
Үйленген. Жұбайы — Құсайынова Ғалия Қадыржанқызы (1958 жылы туған), дизайнер. Қызы — Қымбат (1982 жылы туған), заңгер Ұлы — Арман (1984 жылы туған), экономист.
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет



