Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Нұрсұлтан Назарбаев:Біз Украинаның тұрақты, тәуелсіз және аумағы біртұтас мемлекет болып қалуына мүдделіміз.
Жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев:Біз Украинаның тұрақты, тәуелсіз және аумағы біртұтас мемлекет болып қалуына мүдделіміз.

20/03/20150

Қазақстан Президенті үш ел экономикасының биылғы дамуы бұдан арғы  ықпалдастықтың мәселелерін егжей-тегжейлі қарастыруды және туындайтын мәселелерді шешуді қажет ететінін атап өтті-деп хабарлайды президент баспа сөз қызметі.

– Экономикаларымыздағы дағдарыс құбылыстарын еңсеру жөніндегі іс-қимылдардың бірлескен жоспарын әзірлеу маңызды. Бүгінгі кездесу нақ осы тақырыпқа арналды. Біз сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға уағдаластық. Үкіметтерімізге өзара сауда өсімін қайта жаңғырту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырдық, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Украинаның оңтүстік-шығысындағы қақтығысты реттеу мәселесі де талқыланғанын айтты.

– Бұл мәселе жөнінде мемлекеттеріміздің әрқайсысының ұстанымы белгілі. Біз мәселеге нақты қараймыз. Украинада қалыптасқан ахуалдан дипломатиялық жолмен шығу қажет,  бұл мәселе әскери жолмен шешімін таппайды. Осы орайда, қабылданатын кез-келген шешім іргелі халықаралық құқық қағидаттарына негізделгені маңызды. Біз Украинаның тұрақты, тәуелсіз және аумағы біртұтас мемлекет болып қалуына мүдделіміз. Қазақстан Минск келісімдерін және қол жеткен уағдаластықтарды барлық тараптың орындауын қолдайды, – деді Қазақстан Президенті.

Ресей Президенті мемлекеттер басшылары өзара қарым-қатынастардың кешенді мәселелерін талқылағанын айтты.

– Біздің елдерімізді сауда және инвестициялық тығыз байланыстар біріктіреді. «Үштіктің» ІЖӨ жиынтық көлемі ТМД-ның жалпы өнімінің 85 пайызын құрайды. Біз орасан өндірістік және ғылыми әлеуеті бар ірі нарық қалыптастырудамыз. Ресей Қазақстан мен Беларусьтің сыртқы саудасында бірінші орын алады. Өткен жыл қорытындысын бойынша Ресейдің осы екі елмен тауар айналымы 60 миллиард долларды құрады. Ал Беларусь пен Қазақстан Ресей Федерациясының сауда теңгерімінде үшінші орынды иеленіп отыр, – деді В.Путин.

Ресей Президенті үш елдің өнеркәсіптік-технологиялық кооперация, машина жасау, ғарыш және энергетика салаларындағы байланыстары нығайып келе жатқанына назар аударды.

В.Путиннің мәлім еткеніндей, келіссөздер барысында Украинадағы ахуал жөнінде де әңгіме болды.

– Қазақстан мен Беларусь президенттерінің бұл проблеманы реттеуге белсене қатысқанын атап айтқым келеді. Минскіде қол жеткен келісімнің арқасында қарулы қақтығысты ушықтырмаудың мүмкіндігі туды, – деді Ресей Президенті.

А.Лукашенко кездесу барысында үш елдің өзара ықпалдастық бағыты, сондай-ақ орнықты әрі өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мақсатында сауда, ақша-несие және басқа салаларда қабылдануы қажет шаралар талқыланғанын айтты.

– Бұдан арғы іс-қимылдардың барлық бағыттары бойынша ұстанымдардың сәйкес келуі біздің кездесуіміздің қорытындысы болды. Біз сауда-экономикалық ынтымақтастықты әлемдік конъюнктураның жаңа жағдайлары мен елдеріміздің экономикаларындағы қазіргі ахуалды ескере отырып дамыту үшін қосымша шарттар қалыптастыру жөнінде нақты қадамдарды белгіледік, – деді Беларусь Президенті.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Жарылқап ҚАЛЫБАЙдың үндеуі
Next Article Енді бір бес жыл өткен соң…

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.