Жеделхатта ұшақ апатынан қазақстандықтардың қаза тапқаны туралы хабарды Мемлекет басшысының күйзеле қабылдағаны айтылған.
Нұрсұлтан Назарбаев олардың туған-туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан шын ниетпен көңіл айтты-деп хабарлайды президент баспа сөз қызметі.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсету, марқұмдардың мәйіттерін анықтау және Отанына жеткізу жөнінде Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарына тапсырма берді.
Президенті ұшақ апатының салдарынан Германия азаматтарының қаза болғандығы туралы қайғылы хабарды күйзеле қабылдағаны айтылған.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан Федералдық канцлерге, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Германия халқына көңіл айтты.
ұшақ апаты салдарынан Испания азаматтарының қаза болғандығы туралы хабарды Нұрсұлтан Назарбаевтың терең күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.
Елбасы Қазақстан халқының және жеке өз атынан Испания Короліне, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Испан халқына көңіл айтты.


