Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»БИЫЛ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ 29 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЗАМАТ ШАҚЫРЫЛАДЫ
Жаңалықтар

БИЫЛ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ 29 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЗАМАТ ШАҚЫРЫЛАДЫ

30/03/20150

2015 жылғы 1 сәуірден бастап «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңы мен 2015 жылғы 20 ақпандағы №1011 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2015 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес азаматтарды көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша іс-шаралар басталды-деп хабарлайды ҚМ баспа сөз қызметі.

2015 жылдың  көктемінде әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген  29 мыңнан астам ер азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылуға жатады.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына 4  мыңға жуық азаматтарды әскерге шақыру жоспарлануда, ал қалған азаматтар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан  мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің әскери бөлімдеріне жіберілетін болады.

Заманауи талаптағы әскерге шақырылудың ерекшелігі – оның ашықтығы. Бұл ең алдымен қоғам өкілдерінің шақыру комиссиясының жұмысына қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі мен Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Жаңа Қылмыстық кодексте әскери борышын өтеуден жалтарғаны үшін жазалау шаралары күшейтілді. Атап айтқанда, заң бұзушыларға ақшалай айппұл салумен қатар, әскерге шақырудан жүйелі түрде бас тартқан азаматтарды қамауға алу жазасы қарастырылған. Биыл Қорғаныс министрлігінің басшылығы қойған тапсырмаларға сәйкес жергілікті әскери басқару органдары келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен мерзімді әскери қызмет жауынгерлерінің арақатынасы 80 % де 20%  құрайтындығын атады.

Өткен жылы бұл арақатынас 70% де 30%  құраған болатын. Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әскерге шақыру науқаны кезінде азаматтарды дәрігерлік куәландыруды қамтамасыз ететін шақыру және медициналық комиссия құралады. Естеріңізге сала кетсек, мерзімді әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес жылына екі мәрте ұйымдастырылып, өткізіледі.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleРЕСЕЙГЕ ЖАЛҒА БЕРІЛГЕН БАЙҚОҢЫРДЫҢ 5 мың шаршы метр ЖЕРІ ҚАЙТАРЫЛАДЫ
Next Article Қытайдың жаңа банкі Американы алаңдатады

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.