Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының 30 наурызда хабарлауынша, президент сайлауының алдын-ала нәтижесі бойынша Ислам Каримов жеңіске жеткен- деп хабарлайды азаттық.
29 наурызда өткен сайлауда сайлаушылардың 90 пайыздан астамы Ислам Каримовтың кандидатурасын қолдап, дауыс берген. Сайлауға дауыс беру құқығы бар азаматтардың 91 пайыздан астамы қатысқан. Дауыс берушілердің тізімінде 20 миллионнан астам адамның аты-жөні көрсетілген.
ОСК басшысы Мирзо-Үлугбек Абдусаломовтың сөзінше, дауыс беру барысында ешқандай заң бұзушылық болмаған.
29 наурызда өткен сайлауға елдің қазіргі президенті, Өзбекстан либералды-демократиялық партиясы жетекшісі Ислам Каримовке бәсекелес ретінде Өзбекстан халықтық-демократиялық партия басшысы Хатамжан Кетмонов, «Адолат» социал-демократиялық партиясы атынан Наримон Умаров және «Қайта өрлеу» демократиялық-ұлтшыл партиясынан Акмал Саидов кандидат болып тіркелген.


