Бүкіл әлемге танымал «YouTube» видеохостингі жаңа 15 тілмен толықты. Олардың қатарында қазақ тілі де бар.
— «Google» компаниясының интернет-сервисі – «YouTube» тағы 15 тілмен толығып отыр. Нәтижесіндевидеохостинг әлемнің 76 тілінде қызмет көрсете алатын болады, — дейді сайт қызметкерлері.
Бүгінде «YouTube» видеохостингін ғаламтор пайдаланушыларының 95 %-ы қолданып келеді. Сайттағы видеолар күнделікті шамамен 2 миллиард рет көріледі.
«YouTube» видеохостингіне қазақ тілінен өзге әзірбайжан, армян, бирман, грузин, кхмер, қырғыз, лаос, македон, моңғол, непаль, пенджаби, сингаль, албан, өзбек тілдері де енді. Бұл қолданушылардың іздеу жұмыстарын жеңілдетпек.
massaget.kz



