Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов пен Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев баспасөз мәслихатын өткізді. Онда «Еуразиялық экономикалық даму моделі шеңберіндегі ЕАЭО мүше мемлекеттердің өзара қарым-қатынасының мәселесі» деген тақырып әңгіме болды.
Ұлттық экономика министрінің орынбасары ЕАЭО жағдайындағы Қазақстанның ұстанымдары жөнінде әңгімелей келіп, «Қазіргі уақытта ақпарат кеңістігіндегі өзекті тақырыптың бірі Қазақстанның экономикалық одақ елдерімен валюталық ынтымақтастығына байланысты болып жүр. Бұған қатысты Қазақстан ЕАЭО аясында бірыңғай және ұлтүстілік валютаны енгізу мүмкіндігін жоққа шығару бойынша айқын әрі жүйелі ұстанымға ие. Бұл мәселені мүлде талқыламаймыз. Тіпті күн тәртібіндегі тақырыпқа ешқашан кіргізбейміз», деді Т.Жақсылықов.



