KAZNEWS — Моңғолияның Баян-Өлгий Қазақ аймағының Сагсай сұмынының тұрғыны Әнісұлы Аманбектің жұбайы Қуанышқызы Бегжан үшемдерді дүниеге алып келді.
Бұған дейін үш балалы 31 жастағы жас ана осылайша бір күнде алтын құрсақты батыр анаға айналды.
30 наурызда дүниеге келген үшемдер Улаанбаатар қаласында дәрігерлердің бақылауында болып бүгін Өлгий қаласына келді.
Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, 2015 жылдың бірінші мезгілінде 688 нәресте дүние есігін ашқан.
Былтыр аймағымызда адам саны 2.6 пайызбен өсіп, 93197 – ге жеткен. Бұл елде 200 мыңға тарта қандасымыз түрады.


