Автор: admin

   Сурет: turkystan.kz  — «Shyn.kz» сайты «Түркі әлемінің бірлігі деген сылтаумен жиі бас қосып тұратын бір топ бар. Соңғы кездері бұл топтың жиындары жиі өтеді. Бұлар мемлекеттің тұтастығына қауіп төндіретін  «төңкеріс технологтары». Ұйымдастырушылардың бірі Айдос Сарым» деп айды аспанға бірақ шығарыпты. Сіз не дейсіз? — Шынын айтсам, «shyn.kz» сайтының жазғандарына назар аудара бермеймін. Шыннан гөрі жыны басым сайт деп санаймын. Алайда атым аталып, түркі бірлігі деген қасиетті, стратегиялық маңызы бар тақырыпқа қарсы пікір айтылғандықтан ғана қысқаша жауап беруге тырысайын. Түркі бірлігі, түркі мемлекеттері мен дәулеттерінің интеграциясы еліміздің тәуелсіздігі мен тұтастығын сақтап қалудың бірден бір жолы, тәсілі. Егер әлдебіреулер бұдан қауіп көріп…

Read More

Даяшы Қара қағанның алдына үлкен құм күбіде ашытылған Табғаштың «Пиепэй» арағын әкелді. Қара қаған кезінде Тайзоңның қол астында – Чан-Аньда тұрған кезінде мұндай арақтың дәмін алып қалған еді. Бұл арақтың тағы бір аты табғашша чоужью, түрікше кіршіме еді. Енисей қырғыздары оны боза дейтін. Түріктер оны таңды таңға ұрып ішетін. Табғаштар түліс түріктерін бағындырған кезде бұл арақты өздерінше мәнерлеп, жабысқақ күріштің дәнінен жасайтын болған. Бірақ ол түріктерше тарыдан жасалған божымаға ұқсамайтын. Тым жуас, адамды тез мажауратып тастайтын. Ал түріктердің бозасын ішкен кісі желпініп, қылаң ұрып отыратын. Сөйлесе алдына жан салмайтын. Бойына күш-қуат жинайтын. Сондықтан табғаштар да оны жақсы көретін. Тайцзи сарайындағы…

Read More

Украина Жоғары Радасының депутаттары көпшілік дауыспен ел әскерінің санын үш есеге, яғни 250 мың адамға көбейтуді қолдап дауыс берді-деп хабарлайды азаттық радиосы. Президент Петр Порошенко ұсынған заң жобасын 423 депутаттың 270-і қолдаған. Радикалдар партиясының жетекшісі Олег Ляшко ұсынысты дауысқа салар алдында «Кімде-кім ұсынысқа қарсы дауыс беретін немесе қалыс қалатын болса, ол — Путиннің агрессиялық саясатын қолдаушы» деп мәлімдеген. Жаңа заңға сәйкес, Украинада екі операциялық орталық, 11 бригада, төрт полк, 18 батальон, 16 эскадрон, 13 взвод құрылуы тиіс. Заң президент Петр Порошенко қол қойғаннан кейін күшіне енеді.

Read More