Автор: admin

Құмықтар — Дағыстанның байырғы түркі тілдес халқы. Құмықтардың қазіргі жалпы саны 300 мыңнан астам. Негізгі бөлігі Ресей Федерациясының Дағыстан Республикасында (Хасавюрт, Бабаюрт, Қызылюрт, Буйнақ, Дербент, Қайтағ, Қаякет, Қарабудағкент ауданында), қалғандары Ичкерия, Солтүстік Осетия мен Ставрополь өлкесінде қоныстанған. Өте шағын диаспора ретінде Иран, Сирия,Түркия мемлекеттерінде де өмір сүреді. [1] Үлкен европеид нәсілінің құрамындағы балқан — кавказ нәсілінің кавкасион тобына жатады. Түркі тілдерінің қыпшақ тобына жататын құмық тілінде сөйлейді. Әдеби тілібуйнақ және хасавюрт диалектілерінің негізінде қалыптасқан. Құмықтардың көпшілігі ислам дінінің сүннит тармағын ұстанады. Құмықтардың халық ретінде қалыптасуы 10-11 ғасырдан басталады. Олардың этнографиялық негізін Дағыстан жазығындағы жергілікті тайпалар мен осында келген түркі тілдес тайпалар (әсіресе қыпшақтар) құрайды. Құмықтар басқа да тау халықтарымен біріге отырып, 13 ғасырда моңғол шапқыншылығына қарсы күресті. Құмыктар мекендеген аумақта бірқатар ортағасырлық мемлекеттер өмір сүрді. Олардың ішіндегі…

Read More

Қазақстан мұсылмандар одағының төрағасы Мұрат Телібеков  Қазақстан мұсылмандар одағының төрағасы Мұрат Телібеков Азаттыққа 26 сәуірде өтетін кезектен тыс президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынатынын мәлімдеді-деп хабарлайды азаттық радиосы. Азаттық тілшісіне дүйсенбі күні комментарий берген Телібековтің айтуынша, оның бағдарламасы «елдегі және биліктегі коррупциямен күресуге, экономиканы көтеруге негізделеді». Телібеков 2011 жылы президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынған. Бірақ тіл емтиханына қатыспай қалған еді. Телібеков тіл емтиханы «кандидаттарды аяқтан шалу үшін жасалған» деп санайды. Ол сайлау алдында тіл емтиханына қарсы акция ұйымдастыратынын мәлімдеді. «Осыған дейінгі сайлауларда қазақ тілін жақсы білетін Уалихан Қайсаров тіл емтиханынан өтпей қалды да қазақша сөйлемейтін Ғани Қасымов өтіп кеткен. Сондықтан бұл…

Read More

ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. «Астана бас жоспар» ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС Астананың 2030 жылға дейінгі дамуының бас жоспарын жасады. Қаланы қандай өзгерістер күтіп тұр, және ол қалай дамиды – ҚазТАГ-тың осы сынды сауалдарына «Астана бас жоспарының» бас сәулетшісі Бақтыбай Тайталиев жауап берді. — Не себепті бас жоспарға өзгерістер енгізу қажет болды? — Астананың дамып келе жатуы себепті біз түзетулер енгізуге мәжбүрміз, себебі біз бір орында тұрған жоқпыз. Біз оны 2030-240 жылға дейін орындауымыз керек, бірақ бізде үкіметтің өзі бастама болып енгізілетін өзгерістер болады, мысалы, алдағы ЕХРО көрмесін өткізуге байланысты да түзетулер енгізілді. Негізгі халық саны, көлемі мен параметрлері – олар…

Read More