Автор: admin

 Биыл еліміз тұңғыш мемлекетіміздің негізін қалаған Қазақ хандығының 550 жылдығын кең көлемде атап өтпекші. Бұл ұлы мерейтойдың өткізілуі Елбасымыздың 2014 жылғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында ресми түрде мәлімденіп, Қазақ хандығының 550 жылдығына Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие деп баға берілген болатын. Елбасымыз атап өткендей Қазақ хандығының құрылған сәтін атап өту қазақстандық мемлекеттіліктің және отаншылдықтың нығаюына септігін тигізуі тиіс.  Өткен деректерге және қазіргі қолданыстағы мәліметтерге сүйенетін болсақ, Қазақ хандығына дейін біздің аумағымызда өткен Сақ, Ғұн, Түрік қағанаттары, Алтын Орда, Көшпелі өзбек мемлекеттері және басқа да этникалық қоғамдастықтар мен мемлекеттік құрылымдардың дәуірлер өткендігі белгілі.…

Read More

Отырыста Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының 2014 жылғы жүзеге асырылу барысы, елдің Қарулы Күштерін нығайту мәселелері талқыланды, сондай-ақ биылға арналған мейлінше өзекті міндеттер белгіленді. Президенттің Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Н.Ермекбаев ұлттық қауіпсіздіктің ахуалы мен мемлекеттік органдардың осы саладағы қызметі туралы баяндады. Мемлекет басшысы қабылданып жатқан шаралар арқасында ұлттық мүдделерді тиісті деңгейде сақтау қамтамасыз етіліп отырғанын атап өтті. Сонымен қатар діни-экстремистік, террористік, сондай-ақ жаһандық және өңірлік үрдістерден туындаған экономикалық сипаттағы қатерлер сақталып отыр. Қазақстан Президенті осыған байланысты лаңкестікке қарсы қолда бар инфрақұрылымды жетілдіру қажеттігіне тоқталды. Атап айтқанда, мемлекет терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі құқықтық және ұйымдастырушылық тетіктерді жетілдіруді жалғастырып, арнаулы…

Read More

Солтүстік Кореяның билеуші Еңбек партиясының орталық әскери комиссиясы алдында сөйлеген сөзінде елдің лидері Ким Чен Ын әскери қызметкерлерді соғысуға әзір болып, толық дайындық сапында тұруға шақырды. Бұл туралы Кореяның «Ренхап» агенттігіне сілтеме жасаған «Газета.Ру» хабарлады. Ким Чен Ын өзінің сөзінде жауынгерлік дайындық деңгейін көтере түсу мүддесі үшін Корей халық армиясы құрылымын жаңғырту керек екенін атап өтті. Ол «Америка империализміне» қарсы күрес тәсілдеріне кеңінен тоқталды. Ол соңғы жылдары жағдайдың тек КХДР-да ғана емес, әлемде түгел күрделеніп кеткенін ауызға алды. Солтүстік Корея басшысы егер Оңтүстік Корея АҚШ-тың Пхеньянға қарсы «басқыншылық соғысына» қосылып кететін болса, оны «бақытсыз болашақ» күтіп тұрғанын айтып қорқытты. Хабарламада…

Read More