Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон.
Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон өз елі Украинаға ресейшіл сепаратистермен соғысып жатқан үкімет әскерін дайындау үшін әскери қызметшілерін жіберетінін мәлімдеді- деп хабарлайды Азаттық радиосы.
«Келесі айда біз Украина жағының сұрауы бойынша тактикалық барлау, логистикалық қамтамасыз ету, медициналық көмек қызметтеріне даярлау үшін британ әскерилерін жөнелтеміз» деді ақпанның 24-інде парламент депутаттары алдында cөйлеген Кэмерон.
Ол британдық әскерилер қызметшілер Украинадағы әскери іс-қимылдарға араласпайтынын айтқанымен, болашақта Украинаға қару-жарақ түрінде көмек көрсетілуі мүмкін екенін жоққа шығармады.
«Ресейге қарсы тұра алмаушылық барлығымызға зардабын тигізетін тұрақсыздықққа әкеп соқтырады» деген Ұлыбритания премьері.
azattyq.org



