Автор: admin

   Ұлы Абай мұрасынан кейін, қазақ әдебиет тарихына құнды шығармаларымен елеулі үлес қосқан тұлғалардың бірі, ғұлама ғалым, ақын Ақыт Үлімжіұлы еді. Ол біртұтас қазақ даласы отаршылдық жүйенің бөлшектеуіне түскен, ондағы қазақ ұлтының бөліне-жарыла өмір сүріп жатқан кезеңінде, өз ортасының рухани әлемін әлсіретпей, айналасына ойлы шығармаларымен білім сәулесін шашуымен дараланып тұрды. Қазіргі Қытай мен Моңғолия аумағына қарайтын жерлерде қоныстанған қазақтар арасына Абайдың, Шәкәрімнің, Махамбеттің мәйекті туындылары жетпей жатқан тұста, Ақыт Үлімжіұлы өз ұлтының рухани көшін бастап, ағартушы ұстаз рөлін атқарды. Сондықтан да, бүгінге дейін Қытай мен Моңғолия қазақтары және осы жерлерден кейінен қоныс аударған Түркия, Еуропа қазақтарының ортасында Ақыт Үлімжіұлының өлең-толғаулары,…

Read More

Жеделхатта Мартин Мюрреймен жекпе-жектегі жеңіс мақсаткерліктің, қажырлы еңбек пен жоғары шеберліктің кезекті жемісі екені айтылған. Мемлекет басшысының атап өткеніндей, Г.Головкин осы қасиетінің арқасында планетадағы ең мықты боксшылардың бірі деген атаққа лайықты екенін дәлелдеді. «Қазақстандықтар сенің әрбір табысыңа қуанады. Біз сенің келесі жекпе-жектерің де отандық спорттың мәртебесін асырып, бұдан да жоғары деңгейге көтеретініне, өскелең ұрпаққа үлгі болатынына сенімдіміз», – делінген жеделхатта. Соңында Елбасы қазақстандық боксшыға мықты денсаулық және жаңа жеңістер тіледі. akorda.kz

Read More

22 ақпанда Монакода әлем чемпионы атағын қорғап қалған қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинді қолдау үшін Еуропаға Шымкент пен Қарағандыдан арнайы барған жанкүйерлер болды. 32 жекпе-жегін жеңіспен өткізген Геннадий Головкиннің ұлыбританиялық Мартин Мюррейден үстем болғанына қазақстандық жанкүйерлер ерекше қуанды. Монте-Карлоның Salle des Etoiles спорт кешенінде өткен кездесуден тікелей блог-трансляция жасаған Азаттық тілшісі Руслан Меделбектің фотогалереясын ұсынамыз. Геннадий Головкин мен Мюррейдің кездесуінен көрініс. Монте-Карло. 22 ақпан 2015 жыл Геннадий Головкиннің төртінші раундта Мартин Мюррейді құлатқан сәті. Мюррей бұл соққыдан ес жиып, кездесуді жалғастырды. 50 жастағы қарағандылық Алтай Кенжетаев (суретте ортада тұр) Головкин-Мюррей жекпе-жегіне келу үшін бір жылдай ақша жинағанын айтады. «Головкиннің былтырғы жекпе-жектеріне…

Read More