Ә.Жақсыбековтің жаңа әрі жас «замы» туралы.
Осыдан сегіз жыл бұрын ау, деймін…
Телевизиялық қойылым түсіру үшін Республика сарайына алдын ала екі күнге тапсырыс беріп қойдық. Алғашқы концертке бір ай қалғанда, «Хит ТВ» арнасының сол кездегі басшысы Нұрәлі Әлиевтің атынан өкіл келді. «Секе, осылай да осылай, «Хит ТВ» арнасының үлкен шарасын жоспарлап едік. Бірақ, үлкен Сарайда сол күні сіздердің концертіңіз өтеді екен. Соны басқа күнмен ауыстыра аласыздар ма? Нұрәлі Рахатұлы осы жайлы жеке өтініш айтып еді, егер өзі келіп түсіндірсін десеңіз, өзі келе алады. Тек, бүгін қолы тимей жатыр» деп бастығының ерекше сәлемін жеткізді.
Мұндай кезде не істейсің? Ата-анасы «дүрілдеп» тұрған шақта сырттан шорт кесіп шешпей, арнайы адам жіберіп өтініп, тіпті өзі келуге дайын тұрған соң, «патшаның» немересіне қалай жібімейсің? Оның үстіне, екі концерттің бірін онсыз да қысқартқалы отырғанбыз. Күрделі мәселе шешіп отырған адамдай қабақты түйіп, біраз отырдым да қатты қиналғандай болып келісім бердім. Өкіл жігіт қуанып кетті. Ол ертеңіне де телефон шалып, Нұрәлінің рахметін тағы да жеткізді. Кейінірек, осы жәйтті Дариға Нұрсұлтанқызына айтсам, алдыңа келтіріп сұратпадың ба, неге оңай көне кеттің деп күліп жатыр.
Айтайын дегенім, бұл жігіттің түсінігі бар сияқты.
Әкесінің аты шулы істеріне бұл жігіттің қатысы жоқ екені анық.
Мүмкін, сіз бен біз жақсы білетін оқиғаларға еріксіз куә болған шығар?
Бірақ, бұл үшін оны біржақты айыптаңыздар. Әкенің аты әке…
Екінің бірі Павлик Морозов емес. Оның ішіне ешкім кіріп шыққан жоқ. Сол кезде оның жан дүниесінде не жанып, не өртенгенін өзінен басқа ешкім білмейді. Құдай басқа салмасын. Ол қалай болғанда да өмірлік сабағын алды. Нұрәлінің адами қасиеті мен іскерлік қабілетін фамилиясына қарап емес, істеген істеріне қарап бағалаған дұрыс. Өз басым, жас жігіттің жаңа қызметке тағайындалуынан ерсілік байқамадым.



