Сурет: egemen.kz Сайлаудың иісі. Кезектен тыс сайлаудың сыбысы шықты деген сөз, міндетті түрде болады деген сөз. Біздің саяси ойындар кейде жас баланың ойыны сияқты кімнің сырықпен түртіп тұрғаны көрініп тұрады. Биылғы жылды «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жариялау, Ассамблеяның тым белсенділік танытып кетуі, оның үндеуіне бірі бірінің аузына түкіріп қойғандай, ұйымдар мен сұрқылтайлардың жапа-тармағай қауқыласып қолдауы – бәрі-бәрі бір сценаристің туындысы екені аян болды. Біздің туғалы көрген жалғыз президентіміз ғана бар. Басқаша ойлап қалмаңыз. Біз Президент-тұлға мен Президент-органды шатастырмауымыз керек. Тұлға-Президентті мен және Сіз сыйлауға, құрметтеуге тиістіміз. Өйткені, ол қандай болған күнде де біздің басшымыз, бізде басқа ОТАН жоқ. Ал орган-Президенттің қабылдап жатқан құжаттарын,…
Автор: admin
Қазақстанда алкоголь өнімі қолданылмайтын ауыл бар десе сенесіз бе? Иә, түсінемін, сенбеуіңіз мүмкін. Өйткені, қанымызға «арақсыз қонақ күту, той өткізу мүмкін емес» деген қағида әбден сіңіп қалған. Дегенмен, нануыңызға тура келеді, ішімдік ішілмейтін ауыл бар. Бір емес, екеу. Ең қызығы – олар қазақы қаймағы бұзылмаған деген аймақтарда емес, солтүстік өңірде болып шықты. Тұрғындары түгел молда да емес, қарапайым мұғалім, малшы, егінші, тракторшы… Сонымен, сайтан суға «жоқ» деген бұл ауыл қайда екен? СҚО Тайынша ауданы Теңдік ауылында арақ ішілмейді. Арнайы сапармен ат басын бұрдық. 115-тей түтіні бар екен. Ақсақалдарымен сөйлестік. Орынбай атамен тілдескенімізде: «ауылымызға ішімдік кірмегелі 10 жылдан асты» деді. Таңғалыстық.…
Бүгін Көші-қон туралы кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасына байланысты құрылған жұмыс тобының алғашқы отырысы болып өтті деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі. Бүгінгі отырыста жұмыс тобы аталған заң жобасына байланысты 140 түзетуді қарап, 94-ін қайта жөндеуге жіберді. 1 түзетуді заң жобасын дайындаған тарап алып тастаған. Көші-қон туралы заң Мәжілістің қарауына 6 қаңтарда келіп түскен. Заң жобасын денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі дайындаған. 14 қаңтарда мәдени-әлеуметтік даму комитеті заң жобасын қарауға алған. Сөйтіп, мәдени-әлеуметтік даму комитетінің қаулысымен 43 адамнан тұратын жұмыс тобы құрылды. Мәжіліс депутаты Гүлнәр Сейітмағанбетова жетекшілік ететін жұмыс тобында Мәжіліс депутаттары, денсаулық сақтау және…

