Автор: admin

Ұлыбритания сыртқы істер министрлігі Украина шығысында түсірілді деп жариялаған ресейлік «Панцирь-С1» зениттік зымыран кешенінің суреттері. Ұлыбритания үкіметі Шығыс Украинада жүр делінген ресейлік соңғы үлгідегі «СА-22» зениттік зымыран кешендерінің суреттерін жариялады. Ұлыбритания сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, «Панцирь-С1» зениттік зымыран кешенінің суреттері Мәскеудің ресейшіл сепаратистерді тікелей қолдап отырғанының тағы бір дәлелі. Украина армиясында мұндай қару-жарақ түрі жоқ болғандықтан, сепаратистердің бұларды ұрыста қолға түсіруі мүмкін емес. Суреттерде қару-жарақтардың Шахтерск қаласында 24 қаңтар мен 5 ақпанда және Донецк қаласында 4 ақпанда түсірілгені көрсетілген. 18 ақпанда НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг «Украинада Ресей әскері, артиллериясы мен әскери қорғаныс күштерінің бөлімдері әлі белсенді әрекет ететінін» мәлімдеген.…

Read More

«Дала қыраны-2015» халықаралық тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуы екі кезеңде: біріншісі– сәуір айында, екінші кезең – 2015 жылдың маусымында өтеді. «Дала қыраны» оқу-жаттығуының бірінші кезеңі «Қазбат» бітімгершілік батальонының бейбітшілікті қолдау бойынша көпбейінді операцияларында сәйкес көпұлтты күштер құрамында бірлескен басшылықпен  берілген міндеттерді атқара алу қабілеттіліктерін тексеруге бағытталған. «Дала қыраны-2015» оқу-жатығуының екінші кезеңі «Іле» оқу-жаттығу орталығының базасында өтеді. Онда бітімгершілік бөлімшелер штабтарының командалық-штабтық жаттығулар түріндегі даярлығы жоспарланған. Командалық-штабтық компьютерлік-симуляциялық оқу-жаттығулары JCATs бағдарламасын пайдаланумен жүзеге асырылады. Аталмыш бағдарлама моторесурс пен оқ-дәрілердің шығынысыз бөлімшелерді ұйымдастыру, басқару және қолдану  жұмыстарын орындауға және де жоспарланған операцияларды компьютерде жүргізуге  көмектеседі. Қазақстан тарапы биыл «Қазбат» қазақстандық бітімгершілік батальонының барлық жеке…

Read More

©Нұрғиса Елеубеков (фото) Қазақстанның Ресей Федерациясымен шектесетін шекарасын делимитациялау туралы келісім жобасы Біріккен Ұлттар Ұйымына ұсынылмақшы. Дүйсенбіде Мәжілістегі үкімет сағатында сыртқы істер министрі бұл Украинадағы жағдайдан соң туындаған қабылдауымыз қажетті шара екенін жасырмады. Саясаттанушы Рүстем Бурнашев аймақта геосаяси жағдай шиеленісіп жатқанда Қазақстан мен Ресей шекарасының сызығын БҰҰ институты арқылы айқындау өте дұрыс қабылданған шешім деп санайды. Рүстем Бурнашев, саясаттанушы: — Қазақстан мен Ресейдің шекарасы әлемдегі ең ұзыны боп саналады. Оны аймағымыздағы геосаяси жағдай шиеленісіп жатқан тұста БҰҰ институты арқылы айқындау өте дұрыс қабылданған шешім деп білемін. Әрине, Будапешт және Хельсинкий сынды халықаралық келісімдердің бұзылуы халықаралық келісімдер жүйесіне селкеу түсіріп, оған…

Read More