Украинадағы дағдарыс кезінде қазақстандық сарапшылар “қауіпсіздік бойынша стратегиялық тұрлаусыздық” бар екенін ескертіп, ЕО және Қытаймен ынтымақтастықтың маңызына нұсқады. Шығыс Украинадағы қақтығыстан кейін Қазақстанда “Азия елдері өз қауіпсіздігін өздері қамтамасыз ету керек” деген тұжырым талқылана бастады. ЕҚЫҰ-ға бәсекелес бола алатын мұндай ұйымның қажеттілігі туралы сөз былтыр Шанхайда өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) төртінші саммитінде президент Нұрсұлтан Назарбаевтың аузынан шыққан. Енді бұл мәселені талқылауды жергілікті бірқатар сарапшылар қайта қозғады. «Ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың бірден-бір жолы — ынтымақтастық, Азия елдері аймақтағы өз қауіпсіздігін өздері қамтамасыз ету керек» деген көзқарастағы сарапшылардың бірі — тарих ғылымдарының докторы Болат Сұлтанов. Ол еуразиялық қауіпсіздікті қамтамасыз…
Автор: admin
Тез арада шетелдегі қазақтарды жинау керек. Өйткені олар – қазақ ұлтының қуаты. Олай етпеген жағдайда ұлттық рух құлдыраған үстіне құлдырап, құрдымға кетеді, желге ұшады, шаң-тозаңға айналады, қазақтардың болашағы тығырыққа тіреледі. Қазір әлі де уақыт бар. Қаржы табылады. Сондықтан бұл мәселені бірінші кезекке қою шарт. Әйтседе, осы бізде соған жететін күш-жігерден гөрі шынайы жанашырлық болашақты болжау, оң қабақ кемшін бе деп қорқамын. Бұл нәрсеге деген риясыз ықыласты үкіметтен де, қазақтардың өздерінен де байқамаймын. Және қатты таңғаламын. Оның үстіне, сана-сезімі әлі ауыл-аймақ шеңберінен шыға алмай жүрген қазақтардың шетелдерден көшіп келген ат төбеліндей тумаларын «монғол», «қытай», «иран», «өзбек», «қалпақ» т.б. деп…
ҚР Парламені Сенатының төрағасы Қ.Тоқаевқа! ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Х.Жақыповқа! ҚР Жоғары Сотының Төрағасы Қ.Мәмиге! 13-ақпан күнгі Мәжілісте өткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының тұсаукесер жиналысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Самиголла Хамзаұлы Уразовтың қандастарымыз туралы «Қазақша айтқанда саны бар да сапасы жоқ. Келгендердің 70 пайызы жұмыссыздардың қатарын толықтырады. Олардың саны біз де онсыз да 2 жарым млн нан асады» деген сөзі жалпақ әлемге жария болды. Ал, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi 64-бабының 1-тармағында былай деп жазылған: «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, дiни араздықты немесе алауыздықты қоздыруға, азаматтардың…

