Автор: admin

4 ақпанда ОҚО Сарыағаш ауданының Ынтымақ ауылында болған кісі өлімінің мəн-жайы толық зерттеліп, халыққа жариялануы керек деп есептеймін. Қазақ азаматы Бақытжан Артықовтың азапты өліміне қатысы бар деп ұсталған күдікті, ұлты тəжік Навмидин Нарметов қана емес, барлық кінəлілер анықталып, заң алдында жауапқа тартылуы тиіс. Жергілікті құқық қорғау органдары көрсеткендей, бұл тек екі жігіттің арасындағы жанжалға ұқсамайды. Олай болса неліктен кісі өлімінің ертесіне, қазақ жігіттерінен 250, тəжіктер тарапынан 200-дей кісі шығып, арты текетіреске ұласады? Марқұм Бақытжан Артықовтың анасы мен жарының облыс əкіміне жазған хатына да назар аударған жөн. Олар қайғы құшқандықтан, ашуға булығып, эмоцияға беріліп жазды деуге болатын шығар. Бірақ хатта тексерілуі тиіс…

Read More

              Алматы-Қорғас-Үрімші-Шіңгіл(Алтай аймағы ҚХР )-Алматы.(27.01.15 — 02.02.2015 ж. 7 күндік іссапар ) Қазақстаннан арнайы шақырылған мамандар: 1.«ФОТОӨНЕР» ҚБ-нің төрағасы, «Жас Алаш» газетінің фототілшісі Асылхан Әбдірайымұлы.                            2.«Жалайыр Шора» құсбегілер мектебінің директоры,«Қыран» федерациясының атқарушы директоры Бағдат Мүптекеқызы. 3.«Алматы ақшамы» газетінің фототілшісі Сәрсенбек Қызайбекұлы. Сапарымыздың алғашқы күні Алтай аймағы Шіңгіл аудандық үкіметтік үйінде, «Халықаралық саятшылық өнерін зерттеу ғылыми талқы жиынына» қатыстық. Қазақстанның атынан «Қыран» федерациясының атқарушы директоры Бағдат Мүптекеқызы                                                                                                                баяндама жасады.(Қытай,Қазақстан,Моңғолия елдерінен қатысты ).Сонымен қатар «ФОТОӨНЕР» ҚБ-нің төрағасы «Жас Алаш» газетінің фототілшісі Асылхан Әбдірайымұлы белгілі…

Read More

«Қазақ» сөзінің мағынасына қатысты зерттеу жұмыстары екі жарым ғасырға жуық уақыт жүргізіліп келе жатса да, әлі күнге дейін бір тоқтамға келген жоқ. Осы тақырыптағы зерттеу жұмыстарының көпшілігі «қазақ» сөзіне қатысты өзіне дейінгі жазылған мақалаларға жасалған шолулар бойынша жасалған көзқарастар мен пайымдаулардан тұрады. Көзқарастардың кейбірі көңілге қонымды болжамдар болса, енді біреулері аңыз-әңгімелерге сүйеніп қиыннан қиыстырылып жасалған этимологиялар болып келеді. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай осы сұрақтың шешімін табуға өз үлесімізді қоссақ деген ниетпен, «қазақ» сөзіне араб тілінде түсіндірме берілген 1245 жылы Мысырдағы мәмлүк қыпшақтары тарапынан жарыққа шыққан «Қыпшақ-араб сөздігі» қолжазбасының түпнұсқасы негізінде зерттеу жұмыстарын жасаған едік.  Жазбаша деректемелер ішінде «қазақ» сөзі осы…

Read More